Еліміздегі министрлер мектепте қандай оқушы болғанын айтып берді

1 қыркүйек, алғашқы мектеп табалдырығын аттаған сәт, жаңа оқу жылы кім-кімнің де естен кетпес естелігі көп ерекше шақтар. Осы ретте еліміздегі танымал тұлғалар мен министрлер қандай оқушы болғаны жайлы оқи отырыңыз.

Бұл туралы Евразия арнасына сілтей отыра Stan.kz хабарлайды.

«Атам мені бірінші сыныпқа алып барған. Батасын берген. Әрине, бұл есте қалатын жағдай» – дейді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшарбаев.

«Мен әке-шешемнің ең кенжесі болғандықтан олардың маған көңілі басқаша болды. Мектепке даярланғанда ауылдағы дүкенге, қалаға бірнеше рет барып, киімдер алып, түрлі қаламсаптар алып даярланғаным есімде» – дейді «Нұр Отан» партиясының хатшычсы Тамара Дүйсенова.

Ол кезде қазіргідей гимназия, лицей деген көп емес еді. Балаларды дарынды, дарынсыз деп бөлмейтін. Қарапайым мектептен министр де, депутатта, бәрі де тәрбиеленіп шықты.

«Қарапайым ауыл мектебіне бардық. Бірінші мұғалімім Еркехан Дәулетовна деген адам. Әлі де қатты сыйлаймын» – дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Бірі министр, бірі депутат, бірі әкім. Қандай лауазымды қызметте жүрсе де олар ауылда қалған алғашқы ұстаздарының есімін қашанда құрметпен еске алады.
«Бізде Мария Мамаевна менің оқытушым, ол кісіден қатты сескенетінбіз. Әлі күнге дейін, келгенде ұзын столға журналын лақтырып тастағанда бәріміз демалмай отыратынбыз. Кімнен сұрайды екен деп» – дейді ҚР Парламенті сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова.

Ал мына ескі суреттегі жеткіншек елдің саяси өміріне ерте араласты. Парламенттегі ең жас депутат болған Тәңірберген Бердіоңғаров, бүгінде қоғам белсендісі болып жүр.
«Қоңыр күздің салқын самалын сезгенде, бірінші қыркүйек жақындағанда балалық шағым еске түседі. Оқушы кезім Қаскелеңнің Абай ауылында өтті. 80-90 жылдары қазіргідей мектептер жаңа жабдықтармен қамтылған жоқ. қазіргідей жаңа техгология жоқ, кітаптың өзін алсақ мәз болатын едік» – дейді қоғам қайраткері Тәңірберген Бердіоңғаров.

Еңбегін білмесе де есімі елге таныс тұлғалар сабақты қалай оқыды? Бұл сұрақ біздің көрерменді де толғандырып отырған шығар. Бізде ұмыт қалдырмадық.

«Алтын медальмен бітірдім. Математика, география, химия, физика» – дейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов.

«Мектепте өте жақсы оқып, қоғамдық жұмысқа қатысып, спортпен айналыстым» – дейді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшарбаев.

«Тарих сабағын жақсы көрдім. Өйткені, анам тарих пәнінің мұғалімі болатын» – дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

«Әрдайым дене шынықтыру сабағына құлшыныспен баратынмын. Орыс тілінен үш алатынмын» – дейді қоғам қайраткері Тәңірберген Бердіоңғаров.

Қазақшаға шорқақ Тәңірберген Бердіоңғаров орыс тілін де жырғатпапты, ал сенатор Бірғаным Әйтімова үшін қазақ әдебиетінен қиын сабақ болмаған екен. Бастауыш сыныпты 4 жыл орысша оқыған депутатты 5-сыныпқа көшерде ата-анасы қазақ мектебіне ауыстырған. Сол кезде Орал қаласындағы №11 мектеп шалғай ауылдардағы дарынды қазақ балаларына арналған пансионат деп аталатын. Одан басқа қазақ мектебі болмаған.

«Тамыз айында келдік қой 1 қыркүйекке. Жүздеген бала бар. Солардың бәрі қызық көріп қазақ әдебиетінен «Өзен» деген өлеңді оқытады. Ал менің акцентім қандай. Бір қазақша әріп білмегенмін. Пансионның шарбағында бәрі маған дауыстатып оқытады. Бәрі қарқылдап күледі» – дейді ҚР Парламенті сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова.

Ал Тамара Дүйсенова мектеп табалдырығын аттаған ең алғашқы қоңырау меркесіне қатыса алмапты. Сабақ басталып кеткен соң 2-3 күннен кейін ана-анасы шар ұстап, сән-салтанатпен алып барған.

«Білім күні жақындаған кезде анам кенеттен қатты ауырып, қалалық ауруханаға түсіп қалды. Мен ойлаймын, қалай мектепке барамын. Әкем бар, анам жанымда жоқ деп. Әкеме кешке таман барып айттым. Мектепке барып келдім. Мектеп айтып жатыр, ата-анаң болмаса кіргізбейміз деп. Әкем күліп түсінген шығар, анамды сағынып жүргенімді» – дейді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова.

Бала махаббат жайында да сыр тартып көріп едік. Бірақ біздің шенеуніктер мектепте кітаптан бас алмаған сыңайлы.

«Мен өзім туралы олай айта алмаймын. Ол кезде ата-анамыздың да , қоғамның да талабы негізі білім алу. Сондықтан басқа ойлар келген жоқ» – дейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов.

“Менде бала махаббат деген болған жоқ. Мен бір рет және алғаш рет 34 жасымда ғашық болдым”, – дейді Бердоңғаров.

«Менің арманым прагматикалық арман болатын. Ауыл мектебінде жұмыс істеп, жақсы оқушылар тәрбиелеп, ақырында Қазақстанның еңбек сіңірген ұзтазы деген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар