Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі ең арзан дәрігер қай аймақта?

Қазақстанда ауыру тым қымбатқа түседі. Дәрігердің алғашқы қабылдауы бір жылда 15 пайызға қымбаттаған. Ал қазір аурухана табалдырығын аттау орта есеппен 2146 теңге тұрады. Бұл туралы КТК хабарлайды.

1455108534_knhn6fsz

Бұл мәліметтерді Energyprom сарапшылары ұсынып отыр. Олар еліміздегі денсаулық сақтау қызметі құнын есептеп осындай байламға келген.

Денсаулық сақтау саласындағы көрсететін қызмет құны күйіп тұрған қалалар көшін елімізде Алматы бастайды. Одан кейінгі орындарды Атырау мен Астана бөліскен.

Алматыда дәрігерге бір кіріп шығу үшін 3800 теңгеге шығындаласың. Атырауда бұл 3500 теңге. Ал астаналықтар үшін сәл-пәл арзандау, яғни, 2800 теңгесін жұмсайды.

Ал ең дұрысы Қарағанды немесе Семейге барып емделу. Ол жақта мың жарым теңге төлеп біраз кеңес алуға болады. Және бұл республика бойынша ең төменгі баға.

Ультра дыбыстық бақылау диагностикасы да 14 пайызға, анализдер 11 пайызға қымбаттаған.

Дәрі-дәрмекке қатысты ресми статистика жоқтың қасы. Қазіргі таңда тек сырттан әкелінетін дәрілер ғана емес, өзіміздің медициналық өнімдер де қымбаттап жатыр.

“Көптеген препараттардың бізде түпнұсқасы жоқ. Яғни олар бүкіл әлем бойынша патенттік қорғауда тұр. Ондай қымбат препараттарды біз өз азаматтарымыз үшін сатып аламыз. Ал негізінде осындай қажетті әрі бағалы дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды өзімізде өндіріп шығару үшін барымызды салып жатырмыз”, – дейді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Ал биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап барлық дәрілерге қойылатын баға қатаң заң жүзінде қадағаланбақ.

Оқи отырыңыз:

Бананның адам ағзасы үшін 22 түрлі пайдасы

Циститтен қалай емделеді?

Остеохондроз қалай пайда болады?

Омыртқа не себепті қисаяды және оны емдеудің жолдары қандай

Талқылау