Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі букмекерлік кеңселерді қалалардан көшіріп жібермек

Қазақстандағы букмекерлік кеңселердің барлығы арнайы ойын аймақтарына көшірілуі мүмкін.

6d4079592173b04297bc560dac3f8d1b

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, қалалардағы букмекерлік кеңселер шектен тыс көп. Бұл адамдардың құмар ойынға деген қызығушылығын арттыруға әсер етеді. Сол себепті букмекерлік кеңселерді ойын аймақтарына шоғырландыру ұсынылып отыр.

Бұл салық жүйесіне де жақсы әсер етіп, құмар ойынға желіккендердің де қатарын азайтады. Сондай-ақ, казинолардағы ойын автоматтарын да арнайы аймақтарда ғана орнату ұсынылған. Айтпақшы, бұл сала қазір мүлде бақыланбайды десе де болады. Әсіресе, онлайн-кеңістікті бақылауда ұстау тіпті мүмкін емес.

Оқи отырыңыз:

Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер елге оралды

Түргенде 8 жасар қызды зорламақ болған қылмыскерге сот үкімі шықты

Полицейлер әйелге ЭКСПО аумағында жоғалтқан құны 1,5 миллион теңге болатын алтын сағатын қайтарып берді

Гиннестің рекордтар кітабына енген алып асық қаңсып далада жатыр (фото)

Талқылау