Елімізде жұртқа дұрыс уағыз айтып, жат ағымдағыларға насихат жүргізетін бөлім ашылды

Сәрсенбі, 11 Қазан , 2017 16:48

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімі ашылды.

Бөлім меңгерушісі қызметіне Алтынбек Ұтысханұлы тағайындалды. Бөлім қарамағына «Жастар ісі», «Әйел-қыздар» секторлары мен «Хикмет» студиясы қосылды. «Жастар ісі» секторына Әділет Көпенов жетекшілік етсе, «Әйел-қыздар» секторының жұмысын Ақбөпе Тілегенова үйлестіреді. Ал Ерболат Сапаров, Құлмақан Салыбеков, Қайсар Тұрлыбеков және Білімбек Солтанмұрат «Хикмет» студиясының жұмысын жүргізбек. Сәнжан Тоғым «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы қызметіне қабылданды, деп хабарлайды muftyat.kz.

«Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімі өз қызметі аясында еліміз бойынша айтылатын уағыз-насихат жұмыстарын үйлестіріп, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырады. Сонымен қатар, жастар, әйел-қыздар арасында ағарту жұмыстарын жүргізіп, жат ағымның арбауына іліккен азаматтарға жеке түсіндіру шараларын жүзеге асырады, қоғамдық маңызы бар тақырыптар бойынша аудио, бейне роликтер шығарады.

«Хикмет» студиясының ҚМДБ қарамағына өтуі ағарту, діни сауаттандыру жұмыстарына, ҚМДБ деңгейінде атқарылатын үйлестіру іс-шараларына серпін бермек. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жаңа дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

Тағы да оқыңыз:

Атыраулық жезөкшелер: Бізді қинап осы жолға салған жеңгетайымыз “өлтіріп кетем” деп қорқытып отыр

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) инфекциядан сақтанудың қандай жолын айтқан

Зейнеткер автобуста орын бермеген қызды желкелеп тұрғызып, басын терезеге ұрған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар