Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жастар онлайн некелесіп, онлайн ажырасып жүр

Онлайн ажырасу. Елімізде электронды түрде некесін бұзу қызметі сұранысқа ие. Мәселен, биылдың өзінде 5000 ға жуық ерлі-зайыптылар ажырасуға электронды түртде өтініш берген.

Мамандар, мұндай қадамға баратындар көбіне бір-бірін көруді қаламйтындар мен, ортақ мүлікке еш таласы жоқтар қолдануды әдетке айналдырған. Салдарынан, мұндай отбасыны қайта табыстыру да мүмкін емес, дейді АХАТ бөлімінің мамандары. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұрын АХАТ бөліміне кірсеңіз болды отау құрғалы жатқан жастармен қатар, некесін тезірек бұзғысы келетін ерлі-зайыптыларды көретін едік. Заманға сай қазір бәрі өзгерген. Өйткені, бір-бірін көргісі келмейтін, тіпті сөйлесуден қалған жұбайлар үшін «онлайн-ажыраса» салу тиімді. Психологиялық жағынан да машақты аз.

“Азаматтарымыз 2016 жылдан бастап, белсене өтініш бере бастады. Оған дейін бір жылға 10-15 берсе, қазіргі уақытта 100-ден астам өтініш беріледі. 2018 жылдың арақашықтығын қарасақ, біз 2017 жылы құжатпен азаматтар өтінішті көбірек берген. Ал былтырғы жылмен айтсақ, электронды өтініш берген азаматтар 30 пайызға артқан” – дейді Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты Ахат бөлімінің бас маманы Назира Исқақова. Тек биылдың өзінде некесін электронды түрде бұзған ерлі-зайыптылардың саны 30 пайызға артқан. Ең қызығы, неке қиюдан көшбасында тұрған оңтүстік өңірдің халқы мұндай қызметті өзге облыстарға қарағанда жиі қолданады екен. Атап айтқанда, Түркістан облысы, Шымкент, Алматы “онлайн ажырасу” бой

Онлайн ажырасу. Елімізде электронды түрде некесін бұзу қызметі сұранысқа ие. Мәселен, биылдың өзінде 5000 ға жуық ерлі-зайыптылар ажырасуға электронды түртде өтініш берген. Мамандар, мұндай қадамға баратындар көбіне бір-бірін көруді қаламйтындар мен, ортақ мүлікке еш таласы жоқтар қолдануды әдетке айналдырған. Салдарынан, мұндай отбасыны қайта табыстыру да мүмкін емес, дейді АХАТ бөлімінің мамандары. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұрын АХАТ бөліміне кірсеңіз болды отау құрғалы жатқан жастармен қатар, некесін тезірек бұзғысы келетін ерлі-зайыптыларды көретін едік. Заманға сай қазір бәрі өзгерген. Өйткені, бір-бірін көргісі келмейтін, тіпті сөйлесуден қалған жұбайлар үшін «онлайн-ажыраса» салу тиімді. Психологиялық жағынан да машақты аз.

“Азаматтарымыз 2016 жылдан бастап, белсене өтініш бере бастады. Оған дейін бір жылға 10-15 берсе, қазіргі уақытта 100-ден астам өтініш беріледі. 2018 жылдың арақашықтығын қарасақ, біз 2017 жылы құжатпен азаматтар өтінішті көбірек берген. Ал былтырғы жылмен айтсақ, электронды өтініш берген азаматтар 30 пайызға артқан” – дейді Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты Ахат бөлімінің бас маманы Назира Исқақова. Тек биылдың өзінде некесін электронды түрде бұзған ерлі-зайыптылардың саны 30 пайызға артқан. Ең қызығы, неке қиюдан көшбасында тұрған оңтүстік өңірдің халқы мұндай қызметті өзге облыстарға қарағанда жиі қолданады екен. Атап айтқанда, Түркістан облысы, Шымкент, Алматы “онлайн ажырасу” бойынша алдыңғы үштікке ілінген.

“Бүгінгі таңда электоронды үкімет порталда ерлі-зайыптылар арасында «некені бұзу» қызмет түрі танымал. Оған көбіне бір-бірін көруді қаламайтын дәрежеге жеткендер жүгінеді. Одан бөлек, жұмыстан қолы босамағандар, бір-бірінен алшақ жүргендер немесе ортақ мүлікке еш таласы жоқтар осыны қолданылды. Елімізде мұндай жастар жыл сайын артып барады” – дейді электрондық үкіметтегі компонентті дамыту департаментінің директоры Балжан Құрманова. Мамандар онлайн ажырасуға кемінде 5-6 жыл бірге отасқандар жиі өтініш беретіндерін айтады. Басым бөлігі зорлық-зомбылық, материалдық жағдайдың болмауына осындай қадамға баруға мәжбүр, дейді психологтар. Десе де электронды ажырасуға тек ортақ балалары жоқтар ғана өтініш бере алады.

“Жыл басынан бері елімізде 113 мыңнан астам неке қиылған, оның ішінде 57210 неке онлайн режімде электрондық үкімет порталы арқылы. Сондай-ақ жыл басынан бері 45 мыңнан астам неке тоқтатылған, оның 4500 мыңнан астамы онлайн режімде іске асқан” – дейді ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Гүлзира Омарова. Осылайша, «онлайн-ажырасу», «онлайн некелесу» жастар арасында трендке айналған. Алайда, оның кем тұстары бар. Мәселен, бұрындары екі жасты қайта табыстыруға мүмкіндік берсе, қазіргі жастар отбасылық өмірді шорт кесе салуға дайын. Салдарынан, балалар өз алдына, бүтіндей бір әулет зардап шегеді дейді сарапшылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау