Елімізде жаңадан кәсіп ашқысы келетіндерге несие беріледі

Бейсенбі, 3 Тамыз , 2017 14:48

Бұдан былай, бизнесмендерге салықтық несие берілуі мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

kredit-pod-zalog-nedvizhimosti-v-2017-godu_58e12db2451e3

Бұл жүйенің нақты қалай жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Анығы сол, өз ісін бастаған бизнес өкілі, салықты қалай төлеймін деп бас қатырмауы керек, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Мәселен, кәсіпкер кәсіпорнын кеңейтіп жатса, есесіне үлкен салық салынатыны белгілі. Ал қолма-қол қаржысы жоқ кәсіпкерге кедергіден өтудің екі жолы бар. Бірі – банкке барып несие алу немесе салық органына барып, салық несиесін алу. Яғни, болашақтағы салық міндеттемелерін кейінірек төлеуге рұқсат алу. Осы тұста, салық кодексінің жобасында несиенің мұндай түрін үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге рәсімдеуге болады.

«Қазіргі таңда өз ісін бастаған бизнесмен дереу  салықты қалай төлеймін деп бас қатырмауы тиіс. Жаңа жүйе жеңіл және тез жасалу керек. Сондықтан бизнесмендерге ынталандыруды  енгізіп, басқаруды айтарлықтай жеңілдетуді жоспарлап отыр министрлік»,- деді Инвестициялық компанияның сарапшысы, Александр Бердюгин.

Жалпы, ұлттық экономика министрлігінің жұмыс тобы кодекс жобасын әзірлеу жұмыстарын аяқтап қалды. Тамыз айында оны үкіметтің қарауына ұсыну жоспарланып отыр. Егер мақұлданса парламентке жіберіледі. Жаңа Салық кодексі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекет етуге тиіс.

Тағы да оқыңыз:

AҚШ ғарыш агенттігі астероидқа мұсылман қызының есімін берді

Елімізде мемлекеттік қызметкерлер қай күні спорттық киім кие алады?

Кімге күлдік, Николас Кейджге ме, әлде қазаққа ма?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар