Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде шетелдік төлқұжатты рәсімдеу құны 2 есеге қымбаттады

1 қаңтардан бастап төлқұжатты дайындау кезіндегі мемлекеттік баж салығының екі есе өскені белгілі. Бұрынғы тариф 1995 жылдан бері өзгермеген.

Ішкі істер министрлігінің жауапты мамандары құжат құнының жоғарылау себебін осылай түсіндірді. Жаңа Салық кодексіне енгізілген түзетулер бірінші кезекте осы өзгерісті қарастырған еді. Бұдан былай жаңадан төлқұжат алу үшін 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат төлеуіңіз керек. Ал төлқұжаттарын ауыстыруға алдын ала өтінім жазған азаматтар саны өткен желтоқсанда 100 мың адамға жеткен. Бұл 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда 3 есеге көп.

Осылайша 1 қаңтарға дейін небәрі 9 мың теңгеге бағаланған төлқұжаттың бүгінгі құны – 19 мың 240 теңге. Ал жеке куәліктің бағасы сол қалпында сақтала бермек.

“Жеке басты куәландыратын құжаттар елімізде 1995 жылдан бері дайындалып келеді. Осы уақытқа дейін куәліктің дизайны бірнеше мәрте өзгеріске ұшырап, қауіпсіздік жағынан жетілдірілсе де, мемлекеттік баж салығының құны өзгермеді”, – дейді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің басқарма басшысы Жанар Қожахметова.

Тағы да оқыңыз:

Несиесін қайтара алмай жүргендер нені білуі керек

Алматы облысында балаларының өлі не тірі екенін білмеген аналар зар жылады

Елбасы мұғалімдердің айлығын 50 пайызға дейін көтеруге уәде берді

Талқылау