Елімізде полицейлерге қызметтік көлігінің терезесін тұмшалауға тыйым салынды

Бейсенбі, 17 Тамыз , 2017 22:07

Ішкі істер министрлігінің жаңа тәртібін  бұзған сақшылар шетінен тәртіптік жазаға тартылмақ,-деп жазды КТК арнасы.

жолпол

«Жол потрульдік полицияның қызметтік автокөліктерінің артқы және жанындағы әйнектерін қараңғылауға тыйым салынды. Бұл шаралар полицияның азаматтарға қолжетімділігін, қызметінің айқындығын қамтамасыз етуге бағыттылған.

Арнайы түстермен айшықталған және жарық, дыбыс сигналдарымен жабдықталған автокөліктерге осындай талап қойылып отыр»,-дейді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Яғни, полицейлер мінген мынадай көк түспен боялған көліктердің барлық  әйнегі ашық болуы тиіс. Астаналық сақшылар жаңа тәртіпке жылдам көшіп үлгеріпті. Темір тұлпарларының терезесіндегі қара пердені түгел шешіп тастаған.

Ішкі істер министрлігі осы арқылы тәртіп сақшылары арасындағы парақорлықты жоймақ. Енді полицейлер ереже бұзған жүргізушіні көліктің артқы орындығына отырғызып, жасырын сөйлесе алмайды деген сөз. Айта кету керек, елімізде қарапайым көлік жүргізушілеріне де терезесін тұмшалап жүруге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда жас жігіттерді аяусыз сабаған полицейлер жұмыстан қуылды

Алматы облысында арнайы операция кезінде үш адам ұсталды

Қынадан сақ болыңыз: Татуировка жасатқан қыздың ата-анасы жұртқа жан айқайын жеткізді

65 жыл отасқан жұп эвтаназия қабылдап бір сәтте көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар