Елімізде педофилдерді “піштіріп” тастауға заңмен рұқсат етілді
Қазақстанда педофилдерді “піштіріп” тастауға ақыры заңмен рұқсат етілді! Тиісті құжатқа бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғайтын заң елімізде алғашқы рет қабылданып отырғанын айта кетейік,-деп хабарлады ктк арнасы.

Мемлекет басшысы қол қойып берген құжат педофилдерді аямайды. Енді ұл-қызды зорлаған азғындар ұзақ мерзімге түрмеге қамалып қоймай, жан азабын шегеді. Яғни, абақтыда оларға дәрі егіліп, бір айға еркектік қуатынан айырып тастайды. Бірақ, химиялық кастрация сот үкімі бойынша жасалуы тиіс. Және еркектік қуатынан айыратын дәрі бір-ақ рет салынбақшы. Ал жазаның бұлай қатайтылуы бекер емес. Себебі, былтыр педофилдер мыңнан астам жасөспірімді жыныстық қатынасқа итермелеген. Бұдан-былай мұндай аса қауіпті қылмыскерлердің суреті интернетке де салынбақ.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған