Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бойжеткендер 40 мың теңгеге пәктігін қалпына келтіріп жатыр

Енді қазақстандықтар жоғалтқан пәктігін 3 минуттың ішінде қалпына келтіре алады. Бұл үшін интернет дүкеннен тапсырыс беріп, қолдану әдісі бойынша пайдаланса болғаны.

аа

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Бұрынырақта тұрмысқа шықпаған қыздар пәктігін жоғалтып алса, өзіне қол жұмсауға дейін барып жататын. Ал, қазір пәктіктен айырылу қайғылы жағдай саналмайды. Біріншіден, ер азаматтардың көпшілігі тұрмысқа дейін пәк болып жүру маңызды емес деп ойлайды, екіншіден, қыздық пердені қайта қалпына келтіруге болады. Бастысы, оны дұрыс қолдана білу керек.

Алайда жасанды қыздық перделердің сәтті шықпай жататын кездері де болады.

«Бірде маған 20 жастағы қыз келді. Ол тұрмысқа шығар алдында «жасанды қыздық» жасатқан екен. Алайда, жұбайымен жақындасар кезде, қатты ауырсынғаннан, оның арқасын тырналап тастаған көрінеді. Қыз барлығын қолдану әдісі бойынша пайдаланған. Алайда, қанша жуынса да, қанды кетіре алмаған күйеуі оның жасанды екенін біліп қалған. Ол бұл жайында қыздың ата-анасына айтып, ажырасуға арыз жазған»

Қазақстанда пәктігін қалпына келтіруге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. 5-7 күн аралықта сақталатын қыздық пердені жасату 40 мың теңге көлемінде.  Ал, ұзақ мерзімге жасату бағасы 100 мың теңге шамасында. АҚШ-та бұл ота түрі 5 мың доллардан басталады екен.

«Әдетте маған көптеген қыздар келіп, жағдайын айтып жатады. Мен оларды кінәлай алмадым. Әркімнің тағдыры әр түрлі. Біреулерін зорлап кетеді, екіншісі жігітіне алданып қалады, енді бірі еркіндікті қалайды деген сияқты. Осындай жағдайдан соң пәктігін қалпына келтіріп жатады. Бірде маған 35 жастағы әйел келіп, керісінше хирургиялық жолмен пәктігін алып беруді сұрады. Ол сол уақытқа дейін ешкіммен жақын қатынаста болмаған екен. Ал, жақында көңіліндегі азаматты кездестірген көрінеді. Бірақ, осы жасқа келсе де қыз болып жүргені үшін одан ұялып, пәктігін алып тастауды сұрады. Бұл менің тәжірибемдегі ең қызық оқиға болды», – дейді Владимир Цой.

Осындай жағдайлардан хабардар болып үлгерген кейбір енелер келіндеріне сенбеген жағдайда, оның пәктігінің шынайы әлде жасанды екенін оңай ажыратудың әдісін де тапқан екен. Олар келініне бір қап ұнды көтертсе, жасанды қыздық сол арады жарылып кететін көрінеді. Ал, оташылар бір қап ұнды көтеру – қыздың арқасына зиянын тигізетінін, бірақ, жасанды «қыздыққа» әсер етпейтінін айтады.

Татьяна Аладьина

Талқылау