Елімізде қыздар неке сыйлығы ретінде үй мен көлік сұрайтын болған

Сәрсенбі, 29 Маусым , 2016 16:10

Исламда күйеу жігіттің жарына ақшалай немесе дүние ретінде берілетін сыйлығын “Мәхр” деп атайды. Шариғат бойынша онсыз неке қиылмайды. Ал оның көлемін тек қалыңдық анықтайды. Еліміздің келіншектері бүгінде мәхрге не сұрап жүр?

35_main-mg3acn38lj5drhvpriax64hlbic7pzpn1vqlnfbp82

Сурет: ult.kz 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бүгінде мәхр көлемінен қыздар жарыс ұйымдастыратынын имамдар да жасырмайды. Бірі көлік, бірі үй, бірі құндыз тон сұрап жатады -дейді. Шариғатта мәхрдің шегі жоқ делінсе де, сұраған осы екен деп, күйеуіне шамадан тыс күш салу қыз әдептігінің, тәрбиесінің, көрегендігінің бір нышаны дейді имамдар.

Жалпы мәхрдің ең жоғарғы мөлшері белгіленбегенімен, ең төменгі көлемі бар екен. Бүгінге ол 10 дирхамға тең, яғни 45-50 мың теңге көлемінде. Алайда оны міндетті түрде пайдалану шарт емес екен, үйленгеннен кейін мәрхден бас тартуға да болады -дейді имамдар.

– “Егер неке барысында мәхр мүлдем айтылмаса, әйелге стандарт мәхр беріледі. Яғни Алматының маңайында қыздарға қанша мәхр беріліп жатса, сол мөлшерде мәхр беріледі. Кешіктірілгендер бар, белгілі бір мерзімге ұзартылғандар. Ал енді қандай да бір мерзімі көрсетілмей, күйеуі қайтыс болып кеткеннің өзінде әйелге соның дүние мүлкінен алып беріледі бәрібір шариғат бойынша, – дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы.

Мәхрді әркім өз білгенінше сұрауға құқылы. Алайда сыйлық көлемі мен бағасы ақылға қонымды, отағасының қаржылық мүмкіндігі шегінде болғаны абзал дейді дін мамандары.

Жіберіп алмаңыз:

Қызылорда журналистері мерекеде өздеріне берілген сыйлықты жұртқа көрсетуге ұялған

Өзбекстандық гастарбайтер Пугачеваға сыйлыққа ұзақ уақыт ақша жинаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Алла ең алдымен Бақ берсін…..Ақша дүние қол дың кірі….ақшасызда қиын…. сол ақшаны неге бірге тармаққа!!?

  • Акмарал says:

    Бұндай қыздардан шынайы жар табылды əй қайдам… Жалпы бесік тəрбиесін көрмеген қыздан бəрін күтуге болады.Соның кесірінен отбасы құрдым болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар