Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде көлік нөмірін ұрпағыңа мұра етіп қалдыруға болады

Бұған елімізде заңнамалық негізде рұқсат етілген. Осыны ескерген ел тұрғындары ВИП номерлерді миллиардтаған теңгеге жаппай сатып алуда.

Бұл не мақтан ба, әлде “бекер мал шашпақтың” кебі ме? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ерекше номер алуды құп көретіндердің тізімінде Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары көш бастап тұр. Олар 3 айдың ішінде 500 миллионнан астам сомаға сауда жасаған. Аталған көрсеткіш уақыт өткен сайын өсіп келеді.

«2017 жылы 4500 осындай номерлер сатылған болса олар үшін азаматтарымыз 1,5 миллиард теңгеден астам сома төлеген. Ал биыл 3 айдың өзінде ғана 3 385 номер сатылды және 1 миллиардқа жуық сома төленді. Яғни жылдың соңына дейін бұл сома еселенеді деп ойлаймыз» – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай.

Көлік сатылған жағдайда номер бір айға дейін сақталады. Кейін автоматты түрде жойылып кетеді. Егер мемлекеттік номерді белгілі бір мөлшердегі сомаға сатып алсаңыз, ол жекеменшікке айналады. Кейін өз ұрпағыңа сыйға тарта аласың. Ал бағасына келер болсақ 137 мың теңгеден басталып, сандардың ұқсастығына қарай 685 мың теңгеге дейін жетеді.

«Сұрап келетін адамдар өте көп. Күніне Астана бойынша 15-20 нөмір сатылымға ие. Күн сайын халық арасында сұраныс артып келеді. Сұраныстың артуының тағы бір себебі, әріптерді таңдау мүмкіндігі берілді» – дейді Астана қаласының мамандандырылған ХҚКО басшысының орынбасары Еркебұлан Амантаев.

Жаңа жүйенің енгізілуі белгілі бір тұрғыда көлеңкелі бизнестің алдын алды. Экономистер осылай дейді. Қазір халыққа қызмет көрсету орталығына бара қалсаңыз таңдау көп, сөрелерінде номерлер самсап тұр.

«Бұл қадам көлеңкелі бизнеске, коррупцияға төтеп беретін салдардың бірі деуге болады. мысалы бұрын көп адамдар, өздеріміздің таныстарымыз да бар вип деп аталатын нөмірлерді сатып алып коррупциялық шенеунікке, Гаи қызметкеріне ақша беретін болса қазір бұл ақшалардың барлығы бюджетке барады» – дейді экономист Мадияр Кенжеболат.

Әріптердің өзі аз уақыттың ішінде едәуір пайда әкелген. Мамандардың айтуынша бұл қарқынмен жыл соңына дейін көрсеткіш бірнеше еселенеді.

Тағы да оқыңыз:

Алматылық келіншек пойызда босанып қалды

Алматы облысында ауыл мектебін 10 жылдан бері жыландар басып алған

Атырауда аңға шыққан ер адам қасқыр екен деп досын атып тастаған

Талқылау