Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде кедейлер саны шамамен екі есеге артқан

Қазақстанда кедейлер саны шамамен екі есеге артқан.

Елімізде кедейлер саны шамамен екі есеге артқан

«Личный счет» порталының мәліметінше, бүгінде  745 мың адамның ай сайынғы табысы еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейді, деп хабарлайды Stan.kz.

Биылғы жылы елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 мың 850 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылы 7 мың теңгеге аз болған еді.

Агенттіктің мәліметінше, елімізде кедейлер саны артқаны анық. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 65 пайызға артқан көрінеді.

Егер 2017 жылдың алғашы тоқсанында шамамен 77 мың жағдайы төмен отбасы болса, биылғы жылы аталған кезеңде 126 мың отбасы анықталған.

Анықталғандай, әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтардың дені Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады.\

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау