Елімізде ет бағасының неліктен қымбаттағаны белгілі болды

Бейсенбі, 9 Ақпан , 2017 22:25

Елімізде ет қымбаттады. Әсіресе, ең өтімді сиыр еті 400- 500 теңгеге өскен. Сондай-ақ, жылқы мен қой етіне де құн шарықтапты, деп хабарлайды КТК.

kak-vybrat-myaso-na-bazare

Сатушылар қымбатшылықты экспортқа еттің көп жөнелтуімен байланыстырады. Оның үстіне аяз бен боранның кесірінен жолдар жабылып, етті базарларға жеткізу қиынға соғып тұр екен. Сондықтан тапшылықты пайдаланғандар бағаны өсіріп жіберіпті.

Баға өскелі ет іздегендердің қарасы сейілген. Мәселен, Ақтөбеде ең өтімді сиыр еті 400-500 теңгеге дейін қымбаттаған. Қымбатшылық Қарағандыны да айналып өткен жоқ. Мұнда 400 теңгеге өскен сиыр еті, 2000 теңгеден сатылуда. Ал, жылқы еті тіптен 2 жарым мың. Бағаның өсуіне кәсіпкерлер тапшылық себеп дейді. Айтуларынша, өңірдің еті Ресейге жіберілгендіктен, ішкі нарықта жетіспеушілік бар. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланғандар құнды өсіріп жіберген.

“Оның үстіне жанармай мен жем, шөптің бағасы қымбаттап кетті. Мал шаруашылығымен айналысатындарға бұл қатты әсер етеді. Сол үшін былтырдан бері өсіп жатқан баға биыл бірден шарықтап шыға келді”, – дейді ет дүкенінің қожайыны Василий Дашкин.

Шымкентте де баға айтарлықтай өскен. Мұнда қой, сиыр, жылқы етінің құны 200 теңгеге көтерілген.

-10 келі алатын болсақ, енді қазір 5-3 келі аламыз. Барлығы солай. Қалтадан қағып жатыр.

Ет бағасы Астанада да аспандап тұр. Өзге өңірлермен салыстырғанда мұнда сиыр еті мүлдем қымбат. Бұрын 1400-1500-ден сатылған ірі қара етінің бағасы 2 мыңнан асып кеткен.

-Бүкіл тауардың бәрін қымбаттатып жіберді. Зейнетақыға қостық дейді қосқаны 3 мың. Ал, тауардың екі еседен артық қымбаттатып жіберді.

-Қазақстанда мал жетеді. Біз экспортқа күшті еттерді жібереміз де өзіміз жақсы ет жей алмаймыз. Ет қымбат  енді тағы қымбаттап жатса білмеймін.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі ет бағасының өсуін қолайсыз  ауа райынан көреді. Өйткені, аяз бен боранның кесірінен шаруа қожалықтары етті қалаға жеткізе алмай жатыр.

“Сұраныс көп болғандықтан сатушылар бағаны қымбаттатып жатқан шығар. Өйткені, ауа райына байланысты етті базарларға жеткізу қиын болып тұр. Жолдар жабық. Сондықтан ет тапшылығы болған соң, баға өсіп кетеді”, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Қайрат Айтуғанов.

Ал қыста жолдардың жиі жабылатынын ескерсек, алыпсатарлардың саудасы қызары анық. Бірақ шенеуніктер бағамен ойнағандарды жаппай жазалаймыз деп отыр. Тіпті қымбатшылық жайлаған  базарларға арнайы тексеріспен бармақ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Биыл шөп жақсы шықты, мал азығы мол сосын халық малдарын соймай көбейтуде. Шөп шықпаған жылы мал көп сойылады да ет арзандайды. Содан соң етті қымбаттатып отырған делдалдар екені де рас.

  • Anonymous says:

    Ауылдан арзанға мал алып кетеді де оны қалаға апарып 5 есеге қымбатқа стады. Бәрін қымбаттатып отырған делдалдар.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар