Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде еркекті белсіз, әйелдерді бедеу ететін энергетикалық сусындар сатылып жатыр

У ішіп жүрген жоқпыз ба? Еліміздегі дүкендерде еркін саудаланып жүрген энергетикалық сусындардан ДНК-ға қауіпті қоспалар табылды. Мұны Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті анықтап отыр.

Мамандар бұл сусындар адам денсаулығына орасан зор зиян келтіріп, тіпті, белсіздікке ұшыратуы мүмкін дейді. Одан бөлек, соңғы уақытта сатылымда шөліңді әп-сәтте басып, сергітетін түрлі энергетикалық сусындардың саны күрт артқаны да белгілі болыпты, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Бірақ, олар расымен энергия бере ме, әлде Сіз бен біз біле бермейтін зияны көп пе? Наргиздің энергетикалық сусындарға құмартқанына екі жылдан асыпты. Емтиханға дайындалып жүргенде ғана алатыны, енді міне, күнделікті сусынына айналған. Оның зиянын білсем де, тәуелділіктен арыла алмай келем,- деп қынжылады.

«Энергетикалық сусынды емтихан кезінде, не болмаса дипломдық жұмыс жазғанда, сондай-ақ маңызды іс шараларда өте көп ішетін едім. Бір немесе төрт банкіге дейін ішкен кезде жүрек соғысы, жоғарлап, жүрегім ауырды десем де болады» – дейді тұрғын Наргиз Бекмағамбетова.

Мұндай сусындардың қуат беретінін бүгінгі буын жақсы біледі. Бірақ зиян екенін білгісі жоқ. Мәселен, жақында ғана Маңғыстау облысындағы сауда орындарын тексерген мамандар дәл осы энергетикалық сулардан адамның ішкі ағзасына өте зиян E211 яғни натрий бензоаты тағамдық қоспасын тапқан. Осыдан соң олардың бәр дүкен сөрелерінен алынып, энергетикалық сусынды өндіретін Ресей тарапына мұндай қауіпті бақылауға алу туралы хат жіберіліпті.

«Энергетикалық сусындар адамға сырттан ешқандай күш қуат бермейді. Ол адам ағзасында бар күш қуатты белсендіреді. Ал оны шексіз пайдалану адам ағзасындағы бар күш қуаттың қажуына, ағзаның тозуына әкеліп соғады» – дейді қоғамдық денсаулық сақтау комитеті басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Қойшыбаев.

Денсаулық сақтау министрлігі энергетикалық сусындарды 21-ге жетпеген жандарға сатуға тыйым салатын Қаулы қабылдаған еді. Алайда, аталмыш Қаулы күшіне енбеген соң, сауда орындарында энергетикалық сусындар самсап тұр. Себебі жаздың ыстық күндерінде шөлді қандыратын бірден-бір сусын газдалған және энергетикалық сусындар. Ал, олардың құрамында кофеин көп мөлшерде болатынын көп ел біле бермейді. Қазір біз химиялық ыдысқа сусынның 50 милилитрін құйдық.

Оған зертханадағы арнайы ертінділерді қосу арқылы, жұрт жиі тұтынатын энергетиктің дәмдеуіштер мен қоспадан тұратынын көріп отырмыз. Одан қалды мамандар тәтті судың құрамында көміртек, глюкозамен тауриннің көп мөлшерде кездесетінін анықтады. Ал бір сусынның құрамында мұндай компоненттердің қосындысы жүрек пен жүйке жүйесінің жұмысына өте қатты ықпал ететін көрінеді. Сусындардың жарнамалары мен сан түрлі еліктіру бейнероликтері де еркін көрсетіледі. Бірақ қорқынышты деректер де жетерлік. Мәселен, желіде көп талқыланған оқиға Испанияда болды. Хосе Владес есімді тұрғын бірден эенергетиктің 24 құтысын бірден ішіп, жүрегі шыдамай, тоқтап қалыпты. Бірақ еліктіргіш сусынның мұндай тұсына назар аударып жатқандар шамалы. Бізде бұған дейін дәрігерлер де депуттарда шырылдап кәмелет жасына толмаған балаларға энергетикалық сусындар сатылмасын деп ұсыныс жасады.

«Шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмысының нәтижесі көрсетіп отырғандай, энергетикалық сусындардың құрамында ұйқысыздықты, тынышсыздықты тудырып, жүрекке күш түсіріп және өзге де ауруларға әкеліп соқтыратын заттардың бары анықталған. Сондықтан, дамыған елдердің көбі энергетикалық сусындардың келуін азайтып, тіпті шектеп жатқандар бар» – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Сәкен Қаныбеков.

Энергетикалық сусындардың зияндылығына қатысты мәселе көтеріліп жатқан ел тек Қазақстан емес. Бірнеше жыл бұрын оның зиянды жақтарын анықтай келе Австралия, Жаңа Зеландия, оның артынша Дания мен Норвегия өз нарықтарында бұл сусындарды сатуға да, ішуге де қатаң тыйым салған. Ал бізде депутаттар айтқан ұсынысқа Үкімет қаншалықты назар салғаны әзірге белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау