Елімізде дүкендегі тұшпара мен шұжықтардан доңыз ДНҚ-сы табылды

Астана қаласының денсаулықты қорғау департаменті азық-түлік өнімдеін тексерді.

Санитарлық-эпидемиологиялық сарапатама жасалған өнімнің 9,5% Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сай емес. 32 өнімде тауардың маркасы жоқ болып шықты.

«Лидер 2010» ЖШС-нің (Қостанай облысы, Рудный қаласы) сүт өнімінде ішек таяқшасы, мезофильді аэробтық микроорганизмдер табылды. «5 өнімді тескеру кезінде өндірушілер тұтынушыларды алдағаны белгілі болды. Атап айтқанда, «Бұқтырылған сиыр еті» («МПК Пашский» және  «АгроТорг Троицк» ААҚ – РФ),  «Сиыр етінен жасалған тұшпара» жартылай фабрикаты («Калинин М.С. – Петропавл), «Сосиски «Молодежные» («Александр и С», Астана қаласы) және «Сардельки говяжьи» («Жайык Агро LTD» ЖШС, Орал қаласы) өнімдерінен доңыз ДНҚ-сы табылды. Өндіруші өнімнің құрамында доңыз еті мен сояның барын көрсетпеген», – делінген хабарламада.

Астанадағы  «Дося», «Жансая» және «Айзере» дүкендерінде мерзімі өткен балалар тағамдары, диеталық өнімдер саудаланды. Департамент сатып алушыларға тағамның мерзімі мен ақпаратын мұқият оқуға кеңес береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар