Елімізде бір аптаға ғана жетерлік қант қалды: Кәсіпкерлер қант бағасы 80%-ға қымбаттайды деп дабыл қақты

Елімізде 1 аптаға жетерлік қана қант қалды. Апта басы осындай алаңдатарлық ақпаратпен айшықталды. Ауылшаруашылығы министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарғанымен, кәсіпкерлердің айтары басқа.

Кондитерлік өнім шығарушы кәсіпкерлер құмшекердің бағасы алдағы уақытта 80%-ға қымбаттайды деп дабыл қағып отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ал бұл дегенің құрамында қанты бар дүниенің бәріне баға өседі дегенді білдірсе керек. Мысалы мына шоколадың да, түрлі сусындарың да,  тіпті бірде-бір  той-томалағың олсыз өтпейтін тортың үшін де енді базардағы сатушылар әкесінің құнын сұрайтын сияқты ғой.

Ал, бұған не себеп. Белгілі болғандай Үкіметтің қаулысымен Ауылшаруашылығы министрлігі тамыз айынан бастап, қант импортына алым енгізіпті. Бұл нені білдіреді! Бұдан-былай  кәсіпкерлер біздің елге кірген қанттың әр тоннасы үшін ақы төлейді деген сөз.
350 доллар!Осы арқылы Ауылшаруашылығы министрлігі отандық бизнесмендерге қолдау көрсетеді-мыс. Неге десеңіз бізде қант өндірушілер жоқтың қасы. Ең ірі зауыт қазір істемей тұрса, кімді қолдамақ сонда?  Естуімізше, алым барлығы үшін енгізілмеген! Ресми ақпараттарға сәйкес Еуразиялық одақтың құрамындағы мемлекеттерге бұл ереже жүрмейді. Қант саудасына қосымша салық салынбайды.

Бар гәп те осында. Олар біздің нарықты қантпен қамти ала ма? Мысалы одаққа мүше елдердің құрамындағы нарығы ең үлкен Ресейді алайық! Оларда қазір қант қызылшасының өнімі 20-30 пайызға төмендеп кеткен, тіпті төмендемеген күннің өзінде біздің ішкі нарықты толық өтеуге қауқарсыз дейді білетіндер. Сонда не болмақ!

Құмшекер бағасының көтерілуі кеше ғана байқалған үрдіс емес! Сарапшылар қымбатшылықтың боларын бірнеше апта бұрын болжап дабыл қаққан! Оған себеп те бар! Осыдан бір жарым ай бұрын сырттан тасымалданатын қантқа алым енгізілді. 340-350 доллардың арасында!  Заңдағы талап тек Еуразиялық одаққа мүше елдерге жүрмегенімен, бұл өзгеріс көптің көңілінде күдік тудырғаны рас. Алайда, Ауылшаруашылығы министрлігі мұның қара базардағы бағаға әсер етпейтіндігін айтып сендірген еді.

«Ішкі нарықты біз бәрін зерттедік.Экономика министрлігі бар, жергілікті атқарушы органдар бар.Әлеуметтік кәсіпкерлер коорпорациялары бар.Сондықтан мына ішкі нарыққа мына халық үшін ешқандай қауіп жоқ!» – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Қайратұлы.

Десе де, қантты күніге болмаса да, аптасына бір рет сатып алып, тұтынып жүрген жұрт қымбатшылықты сезініп үлгерген.

«Мен алдын алғанда 220-дан келген. Кеше 236 , 14-15 теңге қымбат. Неге қымбаттады десек айтпайды ешкім нақты» – дейді сатушы.

“Мен тапсырыс беріп жатқан жоқпын қант қымбаттағаннан кейін!”, – дейді сатушылар.

Мұны күздік науқанмен байланыстырып, яғни халық жаппай жеміс-жидектен тосап жасайтын мерзім  ғой деп жылы жаба салуға болар еді. Алайда, осыдан бір апта бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында кондитерлер  ұлардай шулап қоя берді. Белгілі болғандай елдегі кей кәсіпорындар тәтті-дәмділерін өндіруге қант таппай, шығынға батып шырылдап отырған көрінеді.

«Бізде үшінші мемлекеттерден қант тасымалдайтын 5-6 кәсіпорын бар! Солардың екеуі қазір шығынға батқалы отыр. Өйткені,олардың 6 тоннадай қанты әлі шекарадан өтпеді.Ал,қаулы болса күшіне еніп қойған!Енді олар 2 млн доллар алым төлеуге міндетті болып отыр» – дейді Қазақстан кондитерлер қауымдастығының президенті Әлихан Талғатбек.

Кондитерлердің көкейіндегі тағы бір мәселе ол баға саясаты. Кәсіпкерлер енді қанттың құны нарықтағы монополистердің қас-қабағына қарап  құбылатын болды деп қорқады!

«Бұрын біздің компанияларда таңдау болатын. Олар Ресейдің қантын алама, жоқ Еуропа ма,өздері білетін. Енді бізде ондай таңдау жоқ! Белорусияда қант өндіретін ірі бір зауыт бар, Ресейде 4-5 кәсіпорын, Қырғызстанда ірісі біреу. Бұл нені білдіреді? Енді  біз осы 7-8  өндіріс орнының қабағына қарап отырамыз. Олар ертең 300-400 теңге болады дей ме қант бағасы, ол солай болады. Біз қандай баға қоймасын сол бағаға аламыз. Байланып қалдық!» – дейді Қазақстан кондитерлер қауымдастығының президенті Әлихан Талғатбек.

Бизнесмендердің бұл қорқыныштары орынды да! Себебі, қазір Қазақстан өзін 10%-ға ғана қантпен қамтып отыр! Осы күнге дейін ішкі нарықтың сұранысын 50-60 пайызға дейін өтеп келген, елдегі жалғыз қант зауыты 1 айдың жүзі болды істен шыққан! Себебін білмек едік, кәсіпорын басшысын орнынан таппадық!

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – кондитерлік өнімдердің бағасы! Қант қымбаттады! Ал, олардың құны өседі ме? «Кондитерлер бірлестігінің» президенті Әлихан Талғатбек  бұл, көбіне, елдегі шағын кәсіпорындарға  байланысты дейді!

«Себебі, шағын кәсіпорындардың барлығы қантты делдалдардан алады. Оларға айына шамамен 20 тонна, сәл ірілеріне 100 тонна қант қажет! Ал, мұндай көлемдегі құмшекерді сырттан тасуға бизнесмендер келіспейді. Оларға тыйымсыз,тым аз! Қара базарда болса қант бағасы қымбаттады.Екіншіден тапшылық байқалады.

Бұл пікірмен шағын кәсіпорын иелері де келіседі. Бірақ, олар қолдан келгенше тұрақты бағаны ұстауға тырысатындықтарын айтады» – дейді Қазақстан кондитерлер қауымдастығының президенті Әлихан Талғатбек.

«Әрине шикізат бағасының өсуі біздің тауар бағачсына әсер етуі мүмкін. Бірақ біздің тауар бағасы тек шикізат емес басқа да факторларға байлаулы. Бірақ, дегенменде біз тұрақты бағаны ұстап тұруға тырысамыз!» – дейді кондитерлік дүкеннің әкімшісі Әйгерім Немеребаева.

Ал, баға мәселесін реттеуге Үкіметтің өзі тырыса ма? Бұл сұрақ өзекті бүгінде! Себебі, елде шағын кондитерлік  кәсіпорын саны 140-тан асып жығылады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар