Елімізде әуе билеті тағы қымбаттайды

Дүйсенбі, 15 Мамыр , 2017 21:35

Алматы әуежайы көрсетілетін қызмет үшін тарифті көтергелі жатыр. Ал бұның есесін әуе тасымалдаушылары билет бағасынан шығарып алатыны сөзсіз, деп хабарлайды КТК арнасы.

577cc78379e36_big

Мұндағы ас-су құны онысыз да талай айтылып, жауыр болған тақырып. Әуежай басшылығы бұны реттеуге қауқарсыз екенін мойындағанымен, жолаушының соңынан қалмай ығырын шығаратын такси жүргізушілерімен күресті күшейтеміз деп отыр.

Алматы әуежайындағы аспандап тұрған ас-су бағасы талай айтылғанымен еш нәтиже жоқ. Болмайды да. Мұны әуежай басшылығы ашық мойындап отыр.

“2003 жылы біздің терминал соғылып жатқан кезде, ол дәмханаларды жеке кәсіпкерлер өз иелігіне алған. Сондықтан бұл әуежайдың құзырына кірмейді. Дәмханалардың бағасына әсер ету әуежайдың құзырына кірмейді”, – дейді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің өкілі Нұрбол Бөрібеков.

Ас-сумен қоса енді билет құны да тағы көтерілуі мүмкін. Алматы әуежайының басшылығы көрсетілетін қызмет үшін төлемді өсіруге ниетті. Қазір билет құнының 12 пайызы әуежайға түседі екен. Ал басшылық мұны азсынып отыр.

“Әуежай қызметі үшін Бішкек пен Стамбұлда әр билеттен 4700 теңге, Мәскеуде 3200 теңге, Дубайда 6400 теңге алынады. Ал, Алматыда бұл төлем 2 есе аз. Біз де тарифімізді шет елдегідей қылғымыз келеді”, – дейді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Айбол Бекмұхамбетов.

Есесіне қызмет көрсету сапасы артады екен. Мәселен, қазір 17 жыл бұрын салынып, әбден ескірген ұшып-қону жолағы жөнделіп жатыр. Жолаушының қыр соңынан қалмайтын таксишілермен күрес те мықтап қолға алынбақшы. Енді, олардың іс-әрекетін бақылап, ретке келтіріп отыратын қызметкерлер болады. Ал бұған дейін айтылып келген әуежайды кеңейту немесе жаңасын салудың мүлдем қажеті жоқ дейді басшылар.

“Жаңа нысан да билет бағасына тікелей әсер етеді. Ондай жағдайда, тағы қымбатшылық басталады. Оның үстіне, біздің әуежайда ығы-жығы адам жоқ. Қазір барып қараңызшы, терминал бос тұр. Бүгінде әуежайдың мүмкіндігінің 30 пайызын ғана пайдаланып отырмыз”, – дейді «Алматы халықаралы әуежайы» АҚ бірінші вице-президенті Қобыланды Тұмышев.

Негізі нысанның жылына 14 миллион жолаушы қабылдауға қауқары бар екен. Ал былтыр Алматы әуежайы тек 5 миллион адамға қызмет көрсеткен. Биыл бұл сан әрі кетсе жарты миллионға артады деп күтілуде.

Тағы да оқыңыз:

Павлодарда 17 жастағы студент қыз өзіне қол салды

Ақтөбеде 7 жасар қызды өгей шешесі өлімші етіп сабап тастады

Тергеуші мәйіттермен секске түсетін қылмыскерді қалай ұстағанын айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар