Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде алдағы күндері күн суытады

Қазақстанда 21-23 маусым күндері күн салдқындауы мүмкін деп болжануда.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

«Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аудандары мен Батыс Сібірден келетін атлантикалық циклондарға байланысты Қазақстанның солтүстік аймақтарында күн салқындап, жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Оңтүстік облыстардағы ыстық әрі жауын-шашынсыз ауа райы атмосфералық қысымның артуына байланысты.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Батыс Сібірдің солтүстік ауданларынан салқын, ылғалды ауа ағыны келе бастайды. Сондықтан еліміздің солтүстік өңірінде ауа температурасы төмендеп, солтүстік-батыстан қатты жел соғып, күн күркіреп, жаңбыр жауады», – делінеді хабарламада.

Еліміздің оңтсүтік өңірлеріндегі ыстық 23 маусымға қарай басылады деп күтілуде. Ауа температурасы 33-38 градустан 28-35 градусқа төмендейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау