Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде 21 тамыз күні Құрбан айт мерекесі тойланады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылдың 21 тамызы Құрбан айттың алғашқы күні екенін мәлімдеді.

Мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні, яғни,  12 тамызға тура келеді. Ал, Арапа күні 20 тамыз. Қажылыққа бармаған мұсылмандардың арапа күні ораза ұстауы абзал іс саналады.

Жағдайы жететін мұсылмандардың құрбан шалуы мұсылмандың міндеті. Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой, ешкіні шалуға рұқсат. Құрбанық шалу мерзімі үшінші айт күні күн батқанға дейін жалғасады. Құрбандық малының етін үшке бөліп, үшінші бөлігін мұқтаж жандарға таратуға болады.

Құрбан айт мерекесіне орай қазақстандықтар 21 тамыз күні демалады. Бұл сейсенбі күні болғандықтан қазақстандықтан сенбі, жексенбіден кейін бір күн жұмыс істеп, 21 тамыз күні демалады. Құрбан айттың тек алғашқы күні демалыс.

Ал, 30 тамыз – Конституия күні бейсенбіге сәйкес келеді. Қазақстандықтар 30, 31 тамыз екі күн қатарынан демалады. 31 тамыз жұма күн үшін 25 тамыз сенбі күні жұмыс істейді.


Талқылау