Елімізде 21 мың теңге жәрдемақы бір баласы бар мұқтаж отбасыларға да беріледі
1 сәуірден бастап берілетін 21 мың теңге жәрдемақы бір баласы бар мұқтаж отбасыларға да төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты.

Сурет: ҚазАқпарат
Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" хабарлайды.
Вице-министр Жақыпованың сөзінше, елімізде әр балаға төленетін 21 мың теңге жәрдемақы тек көпбалалыларға ғана емес, бір баласы бар мұқтаж жанұяларға да беріледі. 1 сәуірден бастап. Сәуір мен желтоқсан аралығында, яғни биылғы тоғыз айға осы жәрдемақыны беру үшін 94 млрд теңге қарастырылып отыр.
«Негізі жоспар бойынша 2019 жылы 832 мың азаматқа қарастырылып отыр төлемдер. Балаларға 20789 теңгеден төмен төленбейді. Атап өту керек, көпбалалы отбасы болсын, бір балалы отбасы болсын, егер мұқтаж болса сол жанұяларға төленеді», - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?