Елімізде 2 жылдан соң барлық жәрдемақылар алынып тасталады

Жұма, 13 Мамыр , 2016 21:50

Өйткені, оның орнын жаңадан енгізілетін әлеуметтік төлемдер алмастырмақшы. Бүгін осы «Өрлеу» жобасын таныстырған Денсаулық сақтау министрлігі бұл тұрғындарды «кедейшіліктен құтқарады» деп сендіріп отыр, – деп хабарлайды ктк арнасы.

15120-6-s_novogo_goda_v_kostan_ru

Шенеуніктердің сөзінше, бұл ай сайын төленетін жәрдемақы екен. Тек, жоқ-жітік отбасылар, көп балалы аналар мен мүгедектерді бұрынғыдай бөліп жармай барлығына бірдей ай сайын қайтарымсыз ақша төлейді. Оның көлемі әр облыстың экономикалық жағдайына байланысты. Десек те, үлестірлетін теңге шамамен 13 мыңның айналасында болмақ. Әрі әлеуметтік әлсіз топтардан бөлек, аяқ-қолы сау азаматтарға да жәрдемақы алуға мүмкіндік бар. Тек, шарт бойынша олардың отбасылық табысы расында төмен болуы тиіс. Сонда ғана көмек көрсетіліп, тіпті, мемлекет жұмыс тауып беруге де дайын. Бірақ, азамат сол ұсынылған жұмысқа тұруы керек. Әйтпесе, жәрдемақыдан қағылады.

««Өрлеу» жобасы қазір барлық облыстарда сынақ ретінде жүргізіліп жатыр. Ол үшін бюджеттен 1 жарым миллиард бөлінген.Биылдыққа 13 мыңға жуық адамға көмек көрсетілді», – дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жакупова.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Жəрдем ақыны қатырып беріп жатқандаи аитады екен..дубаидағыдаи туылған балаға10000$берсе не болар екен..көп балалы анаға бертіні 7500т соны алып қоимақшы ма .жетпеи жатыр өкіметке қаитеміз енді

    • орда says:

      Бұл өкімет қайыршыдан жаман болды ғой. Қайта қайыршы сұрап алады ғой.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар