Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елге танымал журналист өмірден өтті

Саналы ғұмырын қазақ журналистикасының дамуына арнаған көрнекті қаламгер, белгілі журналист Жұмабек Кенжалин өмірден өтті.

ввв

Бұл туралы журналист Елдос Тоқтарбай Фейсбуктегі парақшасында хабарлаған.

“Достар, бес күндік жалған өмірден қазақ журналистикасының белді өкілі, публицист, ғалым Жұмабек ағамыз өтті деген қаралы хабар алып отырмыз. Дүйім қазақ жұртына, журналистерге, сондай-ақ “Қазақ газеттері” ұжымына, ағамыздың отбасына қайғырып көңіл білдіремін. Қайырлы қаза болсын! Аға, бақұл болыңыз!” деп жазады ол.

Жұмабек Кенжалин 1954 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданындағы Жданов атындағы колхозда өмірге келген. Ол әр жылдары “Егемен Қазақстан” газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, «Білім және еңбек» («Зерде») журналында жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы болды, «Халық кеңесі» газеті бас редакторының орынбасары, бірінші орынбасары, «Ақиқат» журналының бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.

Өмірінің соңғы жылдарында “Қазақ газеттері” ЖШС ұжымын басқарды.

Ол Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстан Республикасы Президент сыйлығының лауреаты (2006), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2004). Қазақстан Журналистер Академиясының толық мүшесі — академигі (2001).

Оқи отырыңыз:

Қомақты қаржы тауып алған шымкенттік даяшы оны иесіне қайтарып берді (фото, видео)

Айгүл Орынбек: Маған қастандық жасалса, Тазабековтың адамдарынан көрем

“Еңкейсе іш киімі көрінеді”: Қазақ азаматы оқушылардың мектеп формасын сынға алды

Астаналық таксист шетелдік жолаушылармен 36 тілде сөйлесе алады

Талқылау