Елде 40-қа жуық бала доллардың көтерілуіне байланысты медициналық көмексіз қалуы мүмкін
Қазақстанда 36 бала шұғыл медициналық көмекке мұқтаж. Олардың ата-аналары мен қамқоршылары үреймен доллар бағамын бақылап отыр.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Себебі, АҚШ валютасындағы өзгерістер балалардың сауығып кетуі үшін ем алуына мүмкіндік берер емес. Бұл балаларға ота жасалуы тиіс, алайда оны тек шетелдік дәрігерлер ғана жасай алады. Ал, ол қызметтердің құны доллармен және еуромен есептеледі. Тамызда ғана шетел валютасы бірнеше есеге өскен болатын. «Қайырымдылық» қоғам қорындағылар доллар бағасының күрт көтерілуіне байланысты айырбас бағамынан 25 млн теңге жоғалғалтқан екен.
«Бізде бір мезгілде барлық ақшаны долларға немесе басқа валюталарға айырбастау мүмкіндігі жоқ. Сол себептен бізде банкте заңды тұлғаның бір ғана шоты бар, ал барлық ақша ағыны бір жерде»,-дейді «ДОМ» қорының үйлестірушісі Жандос Сейіт.
Көптеген балалар ем алу үшін Түркия, Ресей және Кореяға баруға мәжбүр. Ал, қайырымдылық ретінде аударылған ақшалар шотқа тек теңгемен түседі. Бүгінгі таңда KASE мәліметіне сәйкес, бір доллар 371 теңгені құрайды. Бір апта ішінде ұлттық валюта 10 теңгеге нығайды. Дегенмен, доллар бағамы әлі де жоғары болып қала бермек.