Елбасының анасына ән арнаған Нұрболат Абдуллин жағымпаз деген атқа қалды
“Елбасының анасы” әнін шырқаған Нұрболат Абдуллин көптің сынына қалды.

“Елімнің бағына қайта тумас ұл бердің,
Сол елдің сары алтын тағына тәңірі қалап нұр келді.
Аналардың дарасы, елге биік бағасы,
Әруағыңа мың тағзым, елбасының анасы”- деп басталатын өлең жолдары Нұрболат Абдуллиннің жаңа әні.
“Бұл менің шығармашылығымдағы шоқтығы биік әндерімнің бірегейі болмақ. Көзайым болыңыз, көрермен! “Елбасының анасы”, – деп жазды әншінің өзі парақшасында.
Желі қолданушылары оның пікіріне сын айта жөнелді.
“Жағымпаз әнші екенсің”, “Өз анаңызға шығармадыз ба?” дейді пікір жазушылар. “Әркім өзі біледі, шын ниетімен айтып жатыр, елге ешнәрсе жақпайды”, деп ақтады кейбірі.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты