Елбасына бата берген ақсақалдың болжамы тура келді

Дүйсенбі, 7 Қараша , 2016 8:56

1980 жыл болатын. Шәкір ақсақалдың жұбайы Серікбүбі шешей 60 жастан асқан шағында дүниеден озды. Бұл кезде сексеннің сеңгіріне шыққан қарт ақынға бұл осал соққы болған жоқ.

bata

Осы кездерде мен ол кісінің жанында жиірек болып, көңілін аулауға тырысатынмын. Өмірдің теперішін көп көрген атамыз тағдырдың бұл сынағына да сыр бермеуге тырысып, бізге ішкі күйігін білдіртпеуге тырысатын. Кейде түн баласы көз ілмей, дөңбекшіп жатқанын да сезем. Өзі бастап тіл қатпаса, бізді бәлендей сөзге араластырмайтын. Тіпті, төрт-бес сағат бойы үн-түнсіз отырып алатын кездері болушы еді. Бір күні жадырай түсіп:

– Маған алаңдама, мен әлі ұзақ өмір сүрем. Және бір қызық күтіп тұр, – деп сөз бастады.

– Оның мәнісі қалай? – деген сұрағыма атамыз ешқандай жауап қатпай қойды. “Ұзақ жасау-жасамауы – бір Алланың ісі, ал, күтіп тұрған қызық не болды екен?” деп іштей сан-саққа ой жүгірттім де қойдым.

Осы оқиғадан соң да талай уақыт өтті. Сексен беске, тоқсанға келген мерейтойларында мүмкіндігінше тойлап жүрдік. Бірақ, әлгі күтіп тұрған қызықтан ешқандай хабар болмады. Содан, 1991 жылы Архат кеңшарынан атаға сәлем беруге келгенімде, ол маған:

– Әй, Көлембай! Әлгі күтіп тұрған қызығың болайын деп тұр. Ол ешқандай туыстың той-томалағы емес, мен Қазақстанның қазіргі патшасына бата беретін болдым. Бұдан артық маған да, саған да қандай қуаныш керек болсын. Қарағым, бата дегеніміз – халықтың өзімен бірге жасап келе жатқан ежелгі мұрасы. Ұлттық мәдени игіліктердің ішінде елдің ең рухани қазынасы. Білген адамға батаның мән-мағынасы, қадір-қасиеті айрықша бағалы. Бата – халық бойында ғасырлар бойы мысқалдап жиналған нақыл жиынтығы, даналық қорытындысы, адамгершлік ережесі. Сондықтан да бата – халықтық тілек. Бата берушіні де, бата алушыны парасаттылыққа, ізеттілік, батылдық, өжеттікке, үлкен табыстарға жетіп, ел-жерін қорғай білетін нағыз ер болуға шақырады. Ал, ханға бата беру маған мүлде бөлек жауапкершілік жүктеп, теңдесі жоқ сенім артылып отыр, – деп көңілдене сөйледі.

Сөйтіп, Шәкір атамыз елбасына бата беруге Алматыға аттанды. Сонда атамызға жолсерік болған азаматтар: “Ақсақал, батаңыздың мазмұны қандай?” деп сұраса: “Құдай аузыма не салса, соны айтам” деп нақты жауап бермей діңкелеткен көрінеді. Қолына не қаламсап, не қағаз ұстамаған бетте президентке бата беріп қайтқаны есімізде. Елге оралған соң сәтін келтіріп:

– Ата, осы он миллион қазақтың ішінен тұңғыш президентіміздің бата жөнінде сізге тоқталғанын қалай бағалайсыз? – деп сұрағанымда:

– Әй, Көлембай, сен менің осы сөзімді есіңе мықтап сақта. Айтқандарым тура келетінін мен емес, сен көретін боласың. Нұрсұлтан – ғаламат стратег, ол әлі алысқа шабады. Мен сияқты қазақта шал аз деймісің? Ол менен бата алып отырған жоқ, Абай туған топырақтан, ұлылар мекенінен бата алып отыр, – деп еді.

Көлембай Әлімбекұлы, Әбенұлы атындағы мұражай қызметкері

Жіберіп алмаңыз:

Сыйлыққа берілген күрте: Қайрат Нұртастың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Қытайлық ұшқыш біліктілігінің арқасында 439 адамның өмірін құтқарып қалды (видео)

Назарбаев: Төрт көлігі барлар біреуінің құнын берсін

Бекболат Тілеуxан: Сағадиев мырза, 105 жылдық тариxы бар Әліппе неден жазықты болды?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар