Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасымен 11 жасында вальс билеген қыз президент берген сыйлықты 21 жыл бойы сақтаған

Ақтөбеде 21 жыл бұрын Президентті вальске шақырған Мәдина Сейтжанова өмірінде болған ерекше оқиғамен бөлісті. Кейіпкеріміз бір сәттік кездесуден алған әсерін айтып берді.

Бқл туралы aktobenews.kz хабарлайды.

«1995 жылы Президент шыршасы Ақтөбеде алғаш рет өтті. Ең бірінші президент шыршасы Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған болатын. Сол кезде шараны өткізуге жарты жыл бұрын дайындық басталды. №24 мектепте 5 класстың үздік оқушысымын. Президентпен билейтін оқушыны таңдау үшін мың бала кастингтен өтті. Басында бізге ештеңе түсіндірген жоқ, тек вальс қимылдарын жасау керектігі айтылды. Комиссия мүшелері мені таңдап, президентпен билейтінімді айтты», — дейді Мәдина Сейтжанова.

Президентті биге шақыру үшін ұйымастырушылар мектеп оқушысын жарты жыл дайындаған.

«Тұратын тұрысымыз, жүрісімізге дейін үйретілді. Биге шақырған кездеНұрсұлтан Әбішұлы қаламаса, өзімді әдемі ұстап, қалай қайтып кететініме дейін түсіндірілді. Маған туымыздың түсіндей әдемі көк көйлек тігілді, шашымды әдемілеп жасап берді. Әуен қосылған кезде президенттің алдына қалай барғаным әлі күнге есімде. Басымды иіп биге қашырқан кезде президент қолымнан ұстады. Ол кісінің қолы сондай ыстық болды. Менің қадамым кішкентай болғаннан кейін ол кісі маған ілесетінін айтты.

«Сен қалай билегің келеді, солай қимылда, мен саған ілесемін» деген сөзі маған сенімділік берді. Бойымдағы қорқынышымды басып, би кезінде мені әңгімеге тартты. Атымды, ата-анам туралы сұрады. Болашақта менің кім болуды қалайтынымды сұрады. Сол кезде ойланбастан хореограф болғым келеді дедім. Президентке берген сол кездегі уәдемді орындадым», — дейді Мәдина Маратқызы.

Хореограф мамандығы бойынша шәкірт тәрбиелеп жүрген Мәдинаның өз жобасы бар. «Mega Stars» үлгілі би және сән ансамблінің жетекшісі. Сегіз жылдан бері сүйікті кәсібімен айналысып жүр. Мәдина Сейітжанова төрт баланың анасы.

«Билеп болғаннан кейін президент арқаға асатын сөмке сыйлады. Оның ішіне Нұрсұлтан Әбішұлының қолы қойылған қофта, қолғап, бас киім, қуыршақ, сағат салынған. Мен үшін бұл заттардың бағалы болғаны сондай, пайдаланбай сақтадым. Қазір қызым он жаста. Президенттің сыйлығын қызыма мұра етіп бердім. Сол кездегі би менің өмірімді өзгертті. Бұл кездейсок кездесу емес, менің өмір жолыма жасалған бата болды. Қазір шәріттерім әлемдік сахналарда жүлделі орын алып жүр. Егер президентпен қайта кездесер болсам, мен ол кісіге сенімін ақтағанымды және алғысымды айтар едім», — дейді Мәдина Сейтжанова.

Тағы да оқыңыз:

Елбасының сыныптасы: Ол президент болса да, ұстаздарының алдында шәкірт ретінде қызмет етеді

Дариға Назарбаева: Елбасы – ең үлкен құрметке лайық адам

Ринат Заитов хит әуенге “Жемқормын мен” деген мәтін жазып, халықты күлдірді (видео)

Талқылау