Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Жолдауында ел алдындағы 10 негізгі міндетті атады

Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесінде ел алдындағы 10 негізгі міндетті атады, деп хабарлайды КТК.

Бірінші – қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізуде флагман бола білуі керек. Біз өнеркәсіпке өндіріс процестерін цифрландыру мен заманауи бизнес-модельдерді игеру арқылы еңбек өндірісінің деңгейін көтеруге тиіспіз.

Екінші – ресурстық әлеуетті қолдану тиімділігін барынша жақсарту керек. Қазіргі уақытта ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу талап етіліп отыр. Бұл шығарылатын өнімдердің үлесін арттыруға оларды қайта өңдеу тереңдігін меңгеруге, сонымен бірге энергияны үнемдеуге және өндірістің экологиясының жақсаруына мүмкіндік береді.

Үшінші – агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға серпін береді.

Төртінші – транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан ары дамыту. Цифрлық технологияларды енгізу мен Интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға және транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді.

Бесінші -ТҮКШ және құрылыс саласында заманауи технологияларды қолдану. Құрылыс жүргізудің жаңа әдістері, ғимараттың энергияны үнемдеу талабын көтеру, инфрақұрылымдарды интеллектуалдық жүйемен басқару – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға жол ашады.

Алтыншы – қаржы секторының «қайта жандануы. Банктік жүйелерді дамыту бақылау жолымен және қарапайым азаматтардың мүддесі үшін жүргізілуі керек. Банктерге иелік ететін адамдардың жауапкершілігін арттырудың маңызы зор.

Жетінші – адам капиталының жаңа сапасы. Білімнің барлық жүйесі заманауи талаптарға және экономиканың барық қажеттілігіне жауап беруі тиіс.

Сегізінші – бұл тиімді мемлекеттік басқару. Цифрлық технологиялар бизнесті қайта реттеуге, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет пен мемлекеттік қолдаудың сапасын арттыруға, азаматтардың қажеттілігін барынша есепке алуға мүмкіндік береді.

Тоғызыншы – заңның құзіретілігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалады. .

Оныншы – «Смарт сити» технологиясының енгізілуі өсіп бара жатқан қалалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге жол ашып, инвесторлардың қызығушылығын туғызу.

Нұрсұлтан Назарбаев күтпеген жерден  Халыққа кезекті жолдауын жариялап жіберді.  Бұл жолы да, елбасы Ақордада отырып, жолдаудың  ең маңызды тұстарын республикалық телеарналар арқылы айтып берді. Назарбаев   жеті минуттың ішінде Үкіметке басты 10 міндет бойынша жұмыс істеуді тапсырып, әлеуметтік салаға триллиондап ақша бөлінетінін мәлімдеді.  Әсіресе, зейнетақы  мен мұғалімдердің жалақысы еселеп өсетінін айтты. Басты құжатта басқа не айтылды?

Ақорда  Елбасының  эфирге шығатынын бүгінге дейін құпия ұстап келді. Тек түске таяу президенттің баспасөз қызметі  кешке Нұрсұлтан Назарбаев маңызды мәлімдеме жасайды деп, жұмбақ хабар таратты. Кейін Мемлекет басшысының жылдағы халыққа Жолдауына қатысты сөз сөйлетінін белгілі болды.

Сонымен, Президент  7  минутқа жуық  уақыттың ішінде биылғы Жолдаудың басты  міндеттерін атап, Үкіметке бағыт-бағдар көрсетті. Алдымен Елбасының әлеуметтік төлемдер мен жалақының көлеміне  қатысты айтқанын тыңдап көрсек.  Биыл базалық зейнетақы 2 пайызға жуық көтеріледі.

 

Сондай-ақ, президент Үкіметке  жаңадан салынатын тұрғын үйдің  санын  тағы арттыруды тапсырды. Ол үшін еліміз баспана құрылысының  жаңа әдістерін меңгеруі қажет.  Және  осы жылы өнеркәсіп, транспорт, логистиканы дамыту, жүк тасымалдау уақытын қысқарту сынды нақты жоспарлар тұр. Назарбаев екінші деңгейлі банктердің жауапкершілігін арттыру қажет деді.

 

Шенеуніктерге азаматтарға  берілетін несиенің көлемін арттыруды және қор нарығын дамытыңдар деді. Елбасының халыққа Жолдауының толық нұсқасын 10-қаңтар, яғни, ертең  мемлекеттік басылымдар жариялайды. Және Президент әзірлеген  жаңа бағдарлама Үкімет үшін басты стратегиялық құжатқа айналысуы тиіс.

Тағы да оқыңыз:

Елбасы мұғалімдердің айлығын 50 пайызға дейін көтеруге уәде берді

Алматы облысында балаларының өлі не тірі екенін білмеген аналар зар жылады

Сот алдында жауап берген Бишімбаев өзіне қысым көрсеткен тергеушілердің атын атады

 

Талқылау