Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы: Өз ішімізде де жаманшылық ойлайтындар бар

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне жүктелген үлкен жауапкершілік туралы айтты.

2741563

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Елімізге, байлығымызға, тұрақтылығымызға, Қазақстанның беделіне қызғанатын адамдар аз емес. Досымыз да көп. Жаманшылық ойлайтындар да бар. Өкінішке қарай, ішімізде де кездеседі, деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев .

“Өздеріңіз білесіздер, 16-шы желтоқсанда Тәуелсіздік жарияладық. Келесі 1992 жылдың басынан бастап, өзіміздің әрбір мекемелерімізді құра бастадық. Өз әскеріміз болған жоқ. Оны құрдық. Өз полициямыз болған жоқ. Оны да құрдық. Қауіпсіздік комитеті де болған жоқ. Оны да құрдық. Сыртқы істер саясатының да министрлігі болған жоқ. Оны да құрдық. Басқасының барлығын құрып келе жатырмыз. Бүгін мемлекеттік органдардың барлығы құрылды. Тиісті мекемелердің барлығы орнында”, — деді Мемлекет басшысы.

Президент елордамызды тұңғыш рет өзіміз таңдап, Сарыарқаның төсіне салғанымызды, төңіректегі елдермен бейбітшілік келісімі бар екендігін, көршілерімізбен достық пен сенім қарым-қатынасын орнатқанымызды атап өтті. Елбасының айтуынша, алыс елдермен де байланысымыз жақсы.

“Дегенмен ел ел болу үшін, тәуелсіздік мықты болу үшін еш уақытта тыныш жатпауымыз керек. “Үй өзімдікі деме, үй сыртында бөрі бар” деген қазақтың сөзі бар. Ол сіздер үшін айтылған. Әр уақытта біздің елімізге, байлығымызға, тұрақтылығымызға қызғанатын, Қазақстанның бүкіл дүниежүзіндегі абыройына, беделіне қызғанатын адамдар аз емес. Досымыз да көп. Жаманшылық ойлайтындар да бар. Өкінішке қарай, ішімізде де кездеседі. Сондықтан осының барлығын — конституциялық жүйемізді сақтау, мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау, мемлекеттің мықтылығы жолында жұмыс істеу, экономикалық, ішкі, сыртқы қауіпсіздік бәрі сіздерге жүктеледі”, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

“Комитет қызметкерлерінің барлығына сенемін. Жұмыстарың алға жылжи берсін, өздеріңе және отбасыларыңа ең ізгі тілектерімді айтамын”, — деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз:

Елбасы әзіл айтып Германия президентін күлдірді

Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпия құжаттарын қалай ұрламақ болғанын айтты

Бас прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды

Пара алды деп күдікке ілінген Фармация комитетінің басшысы Лариса Пак туралы не білеміз

Талқылау