Елбасы: Қазақтың жеріне жаны ашитын екі адам болса, соның бірі мен шығармын

Жұма, 17 Наурыз , 2017 23:22

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен кездесуде соңғы бір жылға жуық уақытта қоғамда қазақтың жеріне қатысты туындаған пікірталастарға қатысты өз ойын жеткізді.

1803652
Журналистермен әңгіме барысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы айта келе, елбасы реформаның мәні халыққа жөндеп жеткізілмегенін айтты.

“Қазақтың жеріне жаны ашитын екі адам болса, соның біреуі мен шығармын. Себебі шекараны шегелеген кезде 14 мың шақырым шекараның әр метрі үшін күрестік. Сондықтан жерді ешкім арқалап, алып әкетпейді. Ондай қорқыныштардың қайдан шығып жатқанын білемін. Көршілер алып қояды дегендей сөздер айтылады. Бұл Қазақстанның жері, Қазақстанның заңдары”, — деді мемлекет басшысы.

Елбасы жердің өзге елдердің азаматтарына сатылмайтынын қадап айтты. “Қазір өзіміздің азаматтарға жеке меншікке берсек, соны алатындар жоқ болып тұр ғой. Әлі бизнестің қорлары жиналған жоқ. Батысқа барсаңдар, түгел жеке меншік. Иесі ешкімді жолатпайды. Жеке меншіктің қорғалуын қатысты Конституцияға өзгерістер барысында үлкен пікірталастар болды. Бұл инвесторлар үшін өте маңызды. Ол уй, фабрика салып, оның жеке меншігі мемлекет заңдарымен қорғалатынын білуі керек”, — деді елбасы кездесуде.

Айта кетейік, президенттің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен кездесуі бүгін республикалық арналарда көрсетілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар