Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО кезінде Астанада бокс өткізуге шақырған (видео)

Елбасы Қанат Исламды ЭКСПО көрмесі кезінде жекпе-жек өткізуге шақырған. Бұл туралы Қанат бразилиялық боксшымен өткен жекпе-жектен берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

канат ислам-1-180217

Сұхбат видеосы Өркен Кенжебектің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Қанат жарақат алып қалғандықтан жекпе-жекті алғашқы раундта аяқтауға мәжбүр болғанын мәлім етті.

«Құрметті Қазақ елі, қазақстандықтар! Сіздерге алғысым шексіз. Екі телеарнадан менің жекпе-жегімді көрсетті, соған қуаныштымын! Бұл жекпе-жек, өздеріңіз көрдіңіздер, бірінші раундта аяқталды. Өйткені бірінші раундта жарақат болғаннан кейін, маған бірден бұл жарысты аяқтау керек болды, себебі екінші раундта жұдырықтасуды тоқтатып жіберу де мүмкін еді. Сондықтан бірінші раундта барымды салып, аяқтатуға тырыстық. Барлығы біздің команданың жоспарлағанындай болды», – дейді Қанат Ислам.

Бұдан кейін қазақ боксшысын елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО көрмесі кезінде Астанада жекпе-жек өткізуге шақырған.

«Биыл Астанада тағы да үлкен жекпе-жек күтіп тұр. Елбасы бізді Астанадағы ЭКСПО-да жекпе-жек өткізуге шақырды. Алғысым шексіз. Соған жақсы дайындалып, бүкіл қазақтың жігіттері Астанада ЭКСПО-да қазақтың көк туын желбіретіп, бүкіл әлемге тағы да біздің кәсіпқой бокстың мықты деңгейге көтерілгенін дәлелдейміз деп ойлаймын. Сіздерге алғысым шексіз. Алға Қазақстан! Жасасын тәуелсіз Қазақ елі! Раxмет!», – дейді Қанат.

Есте болса, Қанат бүгін бразилиялық боксшыны алғашқы раундта нокаутқа құлатқан болатын. Бұл Қанаттың 23-ші жекпе-жегі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар