Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ел күтпеген жаңалық: Дәурен мен Ақбота айырылысып тынды

Бір жыл бойы елді шулатқан атышулы жұп айырылысып тынды. Иә, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет үйленбей жатып екіге айырылды, деп жазады Stan.kz.

даурен акбота 1409

Бұған дейін: “Жарыммен сүйіп қосылдық, оны басқаға кетеді деп ойламаймын”, деп жалпақ жұртқа жар салған Ақбота Сейітмағамбет ел күтпеген мәлімдеме жасады. Ол Дәурен Айдарқұловпен айырылысып тынғанын мәлімдеп, желідегі оқырмандарына жан сырын ақтарды.

“Қайырлы күн, құрметті достар! Бүгін бойымда күш-қуат табылғанын және барлығына дайын екенімді сездім. Жоғарыдан келген сынақтар мен маған берген сабағы үшін тағдырға алғысым шексіз.

Сыртымнан балағаттап, әртүрлі болжамдарыңызбен жеке өміріме қол сұққандарыңызға рахмет. Сіздердің арқаларыңызда иммунитетім қалыптасып, өмір сүруге және қуана білуге күш таптым. Бүгін бар шынымды айтып, бұл хикаяның нүктесін қойсам деймін.

Бұрынғы күйеуім екеуміздің арамызда не болып жатқаны сіздерге қызық еді ғой?! Мен ол адамды өз еркімен жіберіп, оған ренжімеуге бел будым. Сіздер арамызда болған жайттан бейхабар болдыңыздар. Оның бірінші, екінші отбасынан не себепті кетіп қалғанын да білмейсіздер. Міне, үшіншісінен де кетіп барады. Сіздер бұл адамды мүлдем танымайсыздар. Істеген ісі өзінің ар-ұятына қалсын. Тіпті, сырттай жүретін 10 әйелі болса да бақытты болсын. Менің ендігі бар уайымым – ұлым. Періштем үшін Аллаға сансыз шүкір айтамын. Мені жалғыз қалды екен деп аяудың қажеті жоқ. Жанымда сүйікті інім мен жақындарым бар”, – деп жазды Ақбота.

акбота скрин жазба

Өз кезегінде желідегілер бір рет опасыздық жасаған адамның екінші рет те сатқындыққа баратынын айтып, Ақботаны жұбатып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Бибігүл Төлегенова: Мен латын әліпбиінде білім алғандардың бірімін

Тұрсынбек Қабатовтың қызы ЭКСПО-ның жабылуында Елбасымен бірге сахнаға шықты (фото, видео)

Карина Абдуллина сүйіктісінің тыржалаңаш суретін көрсетіп қыздарды еліктіріп қойды (фото)

Ақбота Сейітмағамбет: Тоқал болып күйеуге шыққан жалғыз мен бе?

 

Талқылау