Ел ажырасты деп ойлаған Арман мен Ашаның құпиясы ашылды (видео)
Бүкіл елді уайымға батырып, шулатқан Арман мен Ашаның құпиясы ашылды. Осы уақытқа дейін жұлдызды жұптың ара-қатынасы үшін алаңдап, оларды ажырасты деп келген халықтың күдігіне нүкте қойылды. Арман мен Аша бар болғаны жаңа клипті жарнамалау үшін пиар жасаған, деп хабарлайды Stan.kz.
Осыдан бірер минут бұрын Арман мен Ашаның "Ау, жаным" атты бейнеклипі көрерменге жол тартты.
Иә, жұлдызды жұптың фанаттары енді тыныш ұйықтай алады. Арман мен Аша ажырасқан жоқ. Олар тек ерлі-зайыптылардың арасында махаббат пен әдемі сәттерден бөлек, ыдыс-аяқтың да сылдырлап тұратынын көрсеткісі келсе керек.
Мұны көрген тыңдармандар бір жағынан ерлі-зайыптылардың ажыраспағанына қуанса, екінші жағынан елді алдағаны үшін ашуланып қалды.
"Отбасылық құндылықтан қалай пиар жасауға болады", "Пиар сияқты, фото жақында ғана түсірілген ұқсайды. Клип пе, фильм бе, бүгін білеміз. Сіздер үшін ұялып тұрмын", "Орынсыз пиар, бірақ ән маған ұнады, осыншалықты шулатпай-ақ қойсаңыздар болар еді", - деп жазды оқырмандар.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.