Экономика вице-министрі журналиске ұрысқаны үшін кешірім сұрады
Ұлттық экономика министрлігінің орынбасары Серік Жұманғарин тілшінің бетін қайтарып, ашуын ұстай алмай қалғаны үшін кешірім сұрады, деп жазады Tengrinews.kz.

“Тілшілерге дұрыс жауап қайтармағанымды білем. Ойланбастан дереу бетін қайтарып тастадым. Бұрын айтқанымдай сауалдарына жауап беруге дайынмын”, – деді Жұмағанғарин.
ҰЭМ баспасөз қызметі диалог үшін есік ашық екенін айтты.
“Өз атымнан айтарым, біз сауалдарға жауап беретін спикер мен орынды дайындап бере аламыз. Бұл мәселеде менен сұраса болады. Қажетті ақпарат беруге көмектесем”, – дейді баспасөз хатшысы Самал Ибраева.
Бұған дейін Серік Жұманғариннің тілшіге “жынымды келтірмеңізші, блин” деп ұрысып тастағанын жазған едік. Шенеуніктің сөзі желіде тез тарадып, талқыға түсті.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі