Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екіқабатпын деп ойлаған әйелдің ішінен 30 сантиметрлік ісік шықты

22 жастағы жас келіншек жүктіліктің сегізінші айындамын, 30 күннен соң сәбиімді құшағыма басамын деп ойлапты. Алайда шын мәнінде Кристидің ішінде сәби емес, 30 сантиметрлік сарысулы ісік болып шықты.

8535e70ed75cf330d0b8b4c29c7a8c26__1200x630

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кристи расында да жүкті еді, тек оның құрсағына жан біткеніне 8 ай емес, небәрі 7 апта болған. Оның іші сәбиден емес, ісіктен дөңгеленген. Ақырында осы ісік әйелдің түсік тастауына себеп болды.

Жұрт Кристи мен оның 21 жастағы жігіті Челернді қуаныштарымен құттықтағанда, әйелдің ішінің өте тез өсіп жатқанын ескерткен. Жұп мұны қалыпты жағдайға балап, бақытты болып жүрді. Іші 4 есеге дейін үлкейіп кеткенде, дәрігерлер Кристидің жүктіліктің 8-аптасында екенін айтыпты. Алайда УЗИ бұл мәліметті жоққа шығарып, әйелдің ішінен алып ісікті анықтады.

«Нәтижені көргенде есеңгіреп қалдым. Баланың орнына ішімде 20/30 сантиметрлік сарысулы ісік болды», – дейді Кристи.

Кристи мен Челерннің бақыты ұзаққа созылмады. Себебі ісіктің салдарынан жүктіліктің 11-аптасында құрсақтағы сәби шетінеп кетті.

Бұдан кейін Кристи алты апта бойы ауруханада жатып емделді. Ота сәтті аяқталғаннан кейін әйел ақырындап қалыпқа келе бастады. қазіргі уақытта жұп қайта балалы болуға тырысып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Бразилиялық жұп кереуетті сындырып алған соң 200 келі салмақ тастауға бел буды (фото)

Ибицада студент қыздың асқазанындағы есірткі қорапшалары жарылып кетті

18 жастағы студент пәктігін 2 мың долларға бағалап отыр

Мьянма басшысы өзін мұсылмандарды қырып жатыр дегенге қатысты пікір білдірді

Талқылау