Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда еден жуушы әйел бейнебақылау камерасын шүберекпен жауып 1,5 миллион теңге ұрлап кеткен

Павлодар облысында еден жуушы әйел менеджердің бөлмесіндегі бейнебақылау камерасын шүберекпен жауып, сейфтен үлкен сомада ақша ұрлап кеткені үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Екібастұзда еден жуушы әйел бейнебақылау камерасын шүберекпен жауып 1,5 миллион теңге ұрлап кеткен

«Сотталушы 2018 жылдың 7 қаңтарында сағат 12.00-де ЖШС ғимаратында сейф орналасқан менеджердің бөлмесінде тазалық жүргізіп жатқан. Сол сәтте ол сейфте тұрған ақшаны ұрламақшы болып, арам ойға көшкен. Содан сағат 12:50 шамасында ғимаратта ешкімнің жоғын пайдаланған әйел бөлмедегі бейнебақылау камерасын шүберекпен жауып, үстелдегі жылжымалы сөреден сейфтің қосымша кілтті алып, ондағы ЖШС тиесілі 1 500 000 теңгені ұрлап кеткен. Содан кейін, ұрланған ақшамен қылмыс орнынан ізін суытқан»,- деп хабарлады Павлодар облысының соты.

Сот еден жуушы әйелді үлкен мөлшерде қаражат ұрлағаны үшін кінәлі деп танып, оны шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Оған қатысты үш жыл мерзімге пробациялық бақылау тағайындалды. Яғни, ол үш жыл бойы тәртібін қадағалайтын мемлекеттік органды хабардар етпестен тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгерте алмайды.

Талқылау