Екібастұзда әйел құрбысын қызғаныштан пышақтап өлтірді
Екібастұз қаласында Матросов көшесіндегі үйдегі пәтерлердің бірінде зорлап өлтіру белгілерімен әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлады Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.

Аталмыш қылмысты жасады деген күдікпен полицейлер 1987 жылы туған азаматша Р.-ны ұстап уақытша оқшаулау абақтысына қамады.
Тергеу анықтағандай, күдікті құрбысының үйіне қонаққа келеді. Әйел мен үй иесінің досы ас үйде ішімдік ішіп отырады, қызғаныш салдарынан құрбылар арасында ұрыс-керіс туындайды. Оның салдарынан күдікті құрбысын пышақтап тастаған. Алынған жарақатының ауырлығынан ол жедел жәрдем келгенше жан тапсырады.
Оқиға орнынан алынған пышақ заттай айғақ ретінде материалға тіркелді.
Екібастұз ІІБ ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады. Істі объективті және жан-жақты тергеу үшін қажетті сараптама тағайындады. Тергеу жалғасуда.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"