Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі жылдан бері тазалап келеміз: Алматы облысында ата-ана интернеттағы балалардың биттеп кеткенін айтты

Оқушылар биттеп кеткен. Осылай деп дабыл қаққан қала тұрғыны хабарласып, көмек сұрады. Азаматша Алматы облысына қарасты мектеп-интернатта оқитын туысқан баласының басындағы битпен екі жылдан бері алысып келе жатқанын айтады.

Апта сайын тазалап жіберсек, қайтадан қаулатып келеді деп ашынады. Оқу орны бұл мәселеге аса мән бермейтін көрінеді. Ал қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер балалардың биттеуі өткен жылдармен салыстырған 28 пайызға артқанын жеткізді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

“Ауыл жақа барған кезде қызбен бірге әке-шешем де биттей бастады”, – дейді келіншек.

Түрін көрсетпеуді өтінген келіншек апта сайын жиенінің басындағы битін тазалаудан шаршағанын айтады. Интернаттан жұқтырған зиянкестер отбасының өзге мүшелеріне де тарай бастапты. Қымбат дәрілерді де алып, пайдаланған. Бірақ мектеп-интернатқа барғанда қайтадан басына қаулатып жұқтырып келеді, дейді. Қыз бала болған соң ұзын шашын тақырлай алмай, қысқа ғып кесуге мәжбүр болған.

“Тазалаймыз, жібереміз каникул бітеді қыз сабаққа келеді. Выходнойда қызды алып кетеміз. Әр сенбі сайын. Сенбі сайын үйге келеді қайтадан сол биттің мәселесі басталады. Әр сенбі битін тазалап жібереміз. Кетеді. Келесі сенбі келеді , қайтадан бит келеді”, – дейді Майра.

Мән-жайды білу үшін Алматы облысна қарасты Ибрагим Нүсіпбаев атындағы мектеп интернатқа бас сұқтық. Білім ошағының басшысын орнынан таба алмадық. Орынбасарлары бастапқыда биттегендер жоқ деп жалтарғанымен артынша ара-тұра кездеседі деп мойындады.

“Биттеу тіркеледі арасында бірен-саран сол сәтте ата-анасын шақырып, үйіне қайтарамыз, оны қабылдамаймыз”, – дейді оқу орындағылар.

Қазіргі таңда бұнда Алматы облысының түкпір-түкпірінен келген 320 бала оқиды екен. Негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, толық емес отбасылардан шыққан және жетім балалар қабылданатынын айтады. Мұндағы тазалықты дәрігерлер арнайы қадағалап отарды, дейді. Тіпті балалардың көрпе төсектерін аптасына үш реттен ауыстыруға шамамыз келеді деп отыр.

“ Бастауыш сыныптардың бастарында гигиеналық талапқа сай емес деген жағдайлар естіп жатырмыз. Әрине оның барлығында апта сайын балалар үйлеріне қайтып тұрады. Апта сайын төсек-орындары ауыстырылады. Арнайы жылына екі рет санипедстанциядан келіп, бізге тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бірақ қатты орын алған жоқ”, – дейді Ибрагим Нүсімбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты директорының орынбасары Сейдагүл Досбаева.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары 2017 жылмен салыстырғанда Алматы қаласында педикулез дертіне шалдыққандар қатары артқанын жеткізді. Көбіне бастауыш сынып оқушыларының бастары биттейтін көрінеді. Қаладағы 54 мектеп пен 3 балабақшадағы балалардың басынан бит шыққан. Дегенмен жағдай бақылауда, дейді.

“Халық арасында аз ғана 28 пайызға жоғарылаған. Соның ішінде бұл педикулез ауруымен көбіне мектеп жасындағы балалар ауырады. 2018 жылы оқушылар арасында 54 жағдай тіркелді”, – дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы Бибігүл Нұрғалиева.

Мамандар бит пен сірке көбіне балалар бір-бірінің бас киімдеріп ауыстырып киіп, бір тарақты қолданған жағдайда жұғатынын айтады. Жеке заттарын алмастырмауға кеңес береді. Ал білім ошағындағылар биттердің интернаттан тарап жатыр дегенімен келіспейді.

Мектеп интернат басшылығы балалардың басынан бит шыққанын жоққа шығармайды. Бірді-екілі кездесіп тұратынын айтады. Дегенмен ата-аналардың дені жалдамалы пәтерде тұратындықтан сол жақтан да алып келуі мүмкін деген жорамал айтуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр