Екі жыл бойы зорлап келген: 13 жасар қыз өгей әкесінен жүкті болған соң шу шықты
Ресей Федерациясы Ленинград облысында жайсыз оқиға болды: 38 жастағы ер адам бірнеше жыл бойы азаматтық некеде тұрып жатқан әйелінің қызын зорлап келген. Қылмыс туралы 13 жасар қыз жүкті болып қалған соң белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қыз бала жүкті болып қалған соң орталық аудандық аурухананың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Жағдайдан хабардар болған дәрігерлер бірден полицияға хабар берген.
Тексеру барысында жасөспірімнің жүктіліктің 29-аптада екені анықталған. Қыздың өзі анасының күйеуі Тәжікстан азаматы екенін мойындады. 2017 жылдан бері зорлап келсе де, бұл туралы біреуге тіс жарудан қорыққан.
Құқық қорғау органдары мигрант-педофильді Тихковиц ауылындағы үйлердің бірінде қолға түсірді. Ол – 1981 жылғы Ресейге жұмыс істеу үшін келген азамат болып шықты.
Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан