Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі жыл бойы құлаққаппен ұйықтаған әйел есту қабілетінен айырылған

Қытайда екі жыл бойы құлаққаппен ұйықтауды әдет еткен әйел есту қабілетінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Oddity Central порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Oddity Central

Қытайлық әйел музыка тыңдамай, ұйықтай алмайтын болыпты.

Ванг есімді әйел есту қабілеті нашарлағанын байқап, құлағын тексеру үшін ауруханаға барды. Науқастың сол құлағында неврологиялық есту қабілетінің зақымдануы байқалған.

Дәрігер әйелден бас жарақатын алды ма немесе ұзақ уақыт бойы қатты дыбысты естіп жүрді ма деп сұрады. Ванг екі жыл бойы құлаққаппен музыка тыңдап, ұйықтағанын айтты.

"Колледжде оқып жүргенімде музыкамен ұйықтағанды ​​ұнататынмын. Екі жыл болды, бұл әдетке айналды", – дейді қытайлық әйел.

Дәрігерлер Ванг енді есту аппаратын киюге мәжбүр екенін айтты. Мамандар құлаққаппен көп жүрмеуге кеңес берді.

Талқылау