Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі сағатқа сұранған: Қарағандыда ауыр дертке шалдыққан сәбиді ата-анасы тастап кетті

Қарағанды қаласындағы балалар ауруханасында баласымен бірге жатқан Мария есімді әйел ауыр дертке шалдыққан сәбиді ата-анасы тастап кеткенін айтты.

Екі сағатқа сұранған: Қарағандыда ауыр дертке шалдыққан сәбиді ата-анасы тастап кетті

Бұл туралы NV.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Баламмен бірге Майқұдықтағы балалар ауруханасында жатырмын. Мұнда 1 жас 1 айлық Саян есімді мүгедек бала жатыр. Анық-қанығын білмеймін, бірақ оның жүрегінде ақау бар. Оған ота жасалып, кеудесіне аппарат қойылды. Оның бойында басқа да аурулар бар.

Анасы үнемі мұнда баласын қалдырып кетеді. Осы жолы 2 сағатқа сұранып кеткеннен кейін, қайтып келмегеніне 2 апта болды. Аурухана қызметкерлері баланың анасын іздестіру бойынша ешқандай шара қолданып отырған жоқ. Бала жалғыз өзі палатада жатыр. Күтім көрсетілмейді, заттары, жөргегі жоқ. Денесінде бөртпелер пайда болды. Үнемі жылайды. Барлық бөлімде жатқан аналар жөргек, майлық, балаға керек заттар мен сүт қоспасын беріп жатыр. Кешкісін баланы жуындырып, тамақтандырамын. Анасы телефон тұтқасын көтермейді. Ал әкесі балағат сөздермен жауап береді. Жүрегім ауырады», – дейді Мария.

Баланың анасымен хабарласқанда, әйел жауап беруден бас тартып, телефон тұтқасын тастай салды. Ал әкесі қоңырауға жауап бермейді.

«Бүгін мен ауруханадан шығамын. Ендігі баланың жағдайы қалай болатыны белгісіз… Оған жаным ашиды. Өтінемін, көмектесіңіздерші», – дейді Мария.

Ал Қарағанды бойынша Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса оқиғаның мән-жайын анықтау үшін балалар ауруханасына барыпты. Ол біраз уақыттан кейін пікір білдіруге уәде берді.

Оқи отырыңыз:

Өскемен тұрғындары автобус астына түсіп көз жұмған 9 жасар қыздың қазасына қайғырып, ойыншық апарып жатыр (фото, видео)

Қостанайда газ құбырының шұңқырынан өлі табылған ер адамға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

Баланы саясатқа айналдырмаңдар: Белгілі журналист абайлық 7 жасар баланың ісіне қатысты былықтың шетін ашты

Алматыда 5 жасар бала менингиттен қайтыс болды

Талқылау