Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі мың этникалық қазақ Қытайдан шығуға мүмкіндік алды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров екі мың қазақтың Қытайдан кетуіне рұқсат алғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

“Қытаймен дипломатиялық бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Қытайлық тарап екі мыңнан аса этникалық қазаққа Қытай аумағынан шығуға рұқсат берді”, – дейді Смадияров.

Қазір Қытай халық республикасында қалған екі азаматтығы бар қандастарымызға қатысты жұмыс жүріп жатыр.

“Бұл қамауға алынған емес, Қытай аумағынан шыға алмай жүргендерге қатысты. Елшілер осы бағытта жұмыс жүргізуде. Анық-қанығын зерттеп, қандай құжат рәсімдеу керек екенін анықтадық. Қандай жағдайда жүзеге асатынын білдік”, – дейді СІМ өкілі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау