Екі қостанайлық сот орындаушыларының кінәсінен шетелге шыға алмай, жолынан қалған

Бейсенбі, 30 Маусым , 2016 14:47

Қостанай сотында сот орындаушыларының кінәсінен шетелге шыға алмай қалған азаматтарға материалдық өтемақы беру туралы шешім шықты.

8711881

Сурет: Алексей Никольский

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

67 жастағы қостанайлық азамат Нью-Йоркке билет алып, сапарға шықпақ болған. Алайда Астана әуежайында құжат бақылау орнында оның қарызы барын, сондықтан шетелге шыға алмайтынын айтып жібермеген. Ер адам Қостанайға қайта билет алып, қайтуға мәжбүр болған.

Сот отырысында ер адамның ешқандай қарызы жоқ екені анықталды. Ол қарызын 2014 жылы өтеген. Алайда, оны тізімнен осы жылдың мамыр айында ғана шығарған екен. Сондықтан сот шешімі бойынша, ер адамға материалдық өтемақы ретінде 300 мың теңге берілу міндеттелді.

2015 жылы қостанайлық әйел 546 мың теңгеге туристік жолдама алып, шетелге шықпақ болған. ол да осындай жағдаймен жіберілмеген. Кейіннен сот орындаушысы азаматшаны шетелге шығармау тізімінен шығаруды ұмытып кеткенін айтқан. Турфирма бұл оқиғаның мемлекеттік органдардың қателігінен болғандықтан ақшаны қайтарудан бас тартқан. Сот шешімімен оған 546 мың теңге көлемінде материалдық өтемақы төлеу міндеттелді.

Екі сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар