Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі еркекпен бір төсекте жатқан Әсел Сәдуақасова жұрттың сынына ұшырады

Актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова жаңа фильмін жұрт назарына ұсынбақ. Оның «Семьянин» аталатын комедиялық туындысында ерлі-зайыптың рөлін өзі және белгілі актер Әбунасыр Серіков ойнайды. Алайда актрисаның фильмдегі «күйеуі» және тағы бір әртіспен бір төсекте жатқан суреті жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екі еркекпен бір төсекте жатқан Әсел Сәдуақасова жұрттың сынына ұшырады

Актер Қайрат Әлімгерей Instagram желісінде Әсел Сәдуақасова және актер Әбунасыр Серіковпен бір төсекте жатқан суретін жариялады. Белгілі болғандай, сурет фильмнің түсірілімі кезінде түсірілген.

Десе де көпшілік қазақ қызының екі еркекпен бірге төсекте жатқанын ерсі санап, жағымсыз пікірлерін жаудырды.

«Орысша аралас фильм көбеюде. Кішкене имани жолда түсірсе екен. Үнемі бір-бірімен ұрысқан, төсектес фильмдер», «Ойынның да жөні болады ғой», «Кино кино ғой. Бірақ сырттан көрген адамға қызық екен», «Құдай сақтасын, жиіркенішті»,  «Жетіскен екенбіз», – деп сынады желі қолданушылары.

Әсел Сәдуақасова жаңа туындысын отбасы тақырыбына арнаған. 45 жастағы такси жүргізушінің отбасының тыныс-тірлішігі көрініс тапқан фильмде басты рөл Сәдуақасованың “Келін де адам” фильміндегі қайын атасы Әбунасыр Серіковке бұйырған. Ал актрисаның өзі оның 40 жастағы жұбайының рөлін сомдамақ.

НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында Әсел бүгінде комедия жанрында жүргеніне қуанатынын айтты.

«Қазір мен бұл жанрды ұнатамын. Тіпті өзім комедияда жүргеніме қуанамын. Шын мәнісінде көрерменді күлдіре білу қиын. Қазіргі таңда білесіздер, көптеген комедиялар бірінен соң бірі жарық көріп жатыр. Ең бастысы сапалы дүние шығара алсаң ғана, халық сені мойындайды», – дейді Сәдуақасова.

24 жастағы Фархад Күлбаев режиссерлік еткен туынды келесі жылдың көктемінде көпшілік назарына жол тартады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау