Екі бірдей жігітпен аймаласқан Кәмшат Жолдыбаева жұрттың жағасын ұстатты (видео)
Кәмшат Жолдыбаева bad girl образынан шығуға ниетті емес. Әнші әрі актриса қанша мәрте сынға іліксе де, ашық-шашық әрі қазаққа жат көріністерде бой көрсетуден бас тартпайды. Бұл жолы Жолдыбаева өзінің жаңа клипінде екі бірдей жігітпен аймаласып, жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жолдыбаева танымал қырғыз әншісі Мирбек Атабековпен бірге “Тыңда мені” атты әнге клип түсірген. Кәмшат бұл шығармашылығындағы алғашқы интернационалды дуэт екенін айтады.
Бейнебаянда Кәмшат екі бірдей жігітпен ашық кадрларда бой көрсетеді. Тыңдармандар мұндай қылықтың қазақ қызына жат екенін айтудан жалығар емес. Әйткенмен, 5 минуттық әнбаян қысқаметрлі фильм көргендей әсер қалдырды, деген тыңдармандар да жоқ емес.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"