Екі баланың анасы 12 жыл отасқан соң күйеуінің қалай әйелге айналып кеткенін айтты

Дүйсенбі, 4 Қыркүйек , 2017 13:31

32 жастағы Кристин Кольердің өмірі жұрт қызығарлықтай күйде еді. Ол 44 жастағы күйеуі Фредпен және екі ұлымен бірге бақытты күн кешіп жатты. Бұл уақытта жұбайлардың отасқанына 14 жылдың жүзі болған.

Kristin-Collier-MAIN

Бұл туралы шетелдік Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Фредпен танысқан кезде Кристиннің жасы небәрі 18-де болатын. Бір бірін алғаш көргеннен ұнатқан ғашықтар небәрі үш ай кездесіп, артынша шаңырақ көтерген. Балауыз шамдарымен көмкерілген салтанатты сарайда неке қию рәсімін өткізген ерлі-зайыптылар бұдан кейін қызметке кірісіп, айтарлықтай табысқа жеткен-ді. Фред баспана дизайнері ретінде, ал Кристин маркетинг бойынша директор қызметін атқарған-ды.

Аз уақыттан кейін балалы болған жұптың өмірі сырт көзге мінсіз көрінетін. Алайда 2005 жылы жұптың екінші ұлы дүниеге келгеннен кейін барлығы керіге өзгерді.

Қос ұлы – Трин мен Сэмді әжелеріне апару мақсатында Кристин ұлдарымен бірге үйден жиі кетіп қалатын. Ал Фред үйде жұмыс істейтін. Күндердің күнінде Кристин анасының үйінен күйеуіне хабарласады. Ұлдарына қатысты тосын бір жаңалықты күйеуіне жеткізгісі келген әйел осы кезде өзі есеңгіреп қалады. Себебі күйеуі әйелдің киімін киетінін естіртеді.

«Бір жолы Фред менің қызыл көйлегімді берді, оның жыртылғанын көргенде бірдеңеден сезіктенген едім. Бірақ ол ренжімесін деп бұл туралы әңгіме қозғамадым. Кейін киімдерімнен адамның терінің исі шығатынын байқай бастадым. Бірақ Фред бұдан былай шындықты жасыра алмайтнын айтты. Шынында, ол басынан не жайттың өтіп жатқанын өзі түсінбеді. Бірақ, әйелдің киіміне әуес екені дәлелді қажет етпейтін факт екенін түсіндік», – деп еске алады Кристин.

Kristin-Collier-Seda-Richard-and-family

Бір ғана қоңырау Кристиннің өмірін түбегейлі өзгертті. Ол ештеңеге қарамастан күйеуіне оны сүйетінін жеткізді. Өз кезегінде Фред оны білетінін, алайда қолдан келер шара жоқ екенін тілге тиек еткен. Бұл жайтты Кристин анасына қалай түсіндірерін білмеді.

«Тұрмысқа шыққан адамым бұл емес еді. Мен бар болғаны әйелдің киімін киетін бейтаныс ер адамды көрдім», – дейді Кристин.

Саяхаттан оралған соң, Кристин балаларын жатқызып, күйеуімен сөйлесуге асықты. Содан соң Фред отбасы жырақта болғанда күн сайын белдемше кигенін мойындады. Ол өзінің әйел болуы керектігін түсінгенін жеткізді. Фредтің жағдайы түсінікті болғанымен, Кристин үшін бұл соққы болып тиді.

Алғашқыда жұбайлар Фредтің қалауын құпияда сақтауға келіскен.

«Фредті алғашқы күннен бастап қолдадым деп айтқым-ақ келеді. Бірақ оңай болған жоқ. Мен өзімді жалғыз әрі өте нашар сезінетінмін. Отбасымды сақтап қалғым келді, бірақ күйеуім көз алдымда жоғалып кетті», – дейді Кристин.

Уақыт өте келе Фред нәзік әрі жұмсақ бола түсті. Ол, тіпті, әйелінен көзге, кірпікке арналған бояуды қалай жағуға болатынын сұрап, мазалай бастады.

Бұдан кейін Кристин ғаламтордың көмегіне жүгініп, қажетті маман тапты. Сонымен 2006 жылы Фредке «гендерлі дисфория» диагнозы қойылды. Дегенмен, Фред пен Кристин бір бірін әлі де жақсы көрді. Олар балаларымызды бірге бағамыз деп шешті. Алайда уақыт өте келе Фред өзін Седа деп атап, ақырында Кристин не істерін білмеді.

«Фредтің достары аз болатын, есесіне Седада бәрі керісінше. Фред бірнеше рет күйзеліске түссе, Седа ешқашан мойымайтын. Ол Фредке қарағанда өзін өте сенімді ұстайтын», – дейді Кристин.

Жұбайлар ұлдарының бірі 6-да, екіншісі 4-те болған кезде оларға бар шындықты айтты. Фред өзін ер адамның денесінде жайсыз сезінгенін түсіндірді. Бұдан кейін балалары әкелерін Мэдди деп атай бастады.

Арада уақыт өткен соң Кристин туған-туысқандарына бар шындықты жайып салды. Өз кезегінде достары мен жақындары Седаның Фредке қарағанда әлдеқайда бақытты екенін байқап, қолдау білдірген. Арада бір жыл өткен соң Кристин Ричард Бартлетт есімді азаматпен көңіл қосты. Бір қызығы, қазір Кристин жаңа жігітімен және бұрынғы күйеуімен бір шаңырақтың астында тұрады.

Жіберіп алмаңыз:

Бельгияда ұшқыш тікұшақтан парашютсіз секіріп кетті

Жапонияда императордың немересі қарапайым жігітке күйеуге шықты

Қытайда тереңдігі 50 метр ұңғымаға құлаған баланы құтқару үшін 10 экскаватор жұмылдырылды (видео)

Гүлнара Каримованың 18 жастағы қызы алғаш рет ресми шарада төбе көрсетті (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар