Екі бүйрегі істен шыққан 27 науқас емханадағылардың ем жасамайтынына шағымданды

Жұма, 8 Қыркүйек , 2017 17:00

Түркістан қаласында екі бірдей бүйрегі істен шығып, созылмалы дертке шалдыққан 27 науқас халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникасы өздеріне ем жасауды тоқтатып тастағанын айтып шағымданды.

скачанные файлы

Айтуларынша, гемодиализ аппаратына тәуелді болып қалған бірінші топтағы мүгедек жанға бес күн бойына қан тазарту мүлде жүргізілмеген. Салдарынан «ағзада улы заттар көбейіп, денеміз ісінуде» – деп отыр. Ішкен тамақты құсып жатырмыз деген науқастар өліп кету қаупінің жоғары екенін айтады, деп хабарлайды 31 арна.

Бүйрегі істен шыққан жиырма жеті науқас халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникасында үш жылдан бері ем қабылдайды. Кіші дәреті жоқ 1-ші топтағы мүгедек жанның барлығы да қан тазартатын сүзгі – гемодиализ аппаратына тәуелді. Аптасына екі-үш мәрте қан тазартылмаса, жағдайымыз мүшкіл дегендер бес күн бойына дәрігерлер себебін түсіндірместен, ем жасауды тоқтатты – дейді.

“Бізді адам құрлы санамады. Ертең келеді деген нәрсесі бүгін төрт күн болды жоқ. Бүгін бесінші күн. Өміріміз біздің шектеулі. Әлде бізді мүгедек деп кемсітті ме, білмеймін”, – дейді 1-топтағы мүгедек Оразхан Ниязов.

Шағымданушылар емнің кешеуілдеуінен науқастың көбі жүре алмай, үйлерінде қалғанын айтады. Дәл осы жағдай тағы бірнеше күнге жалғасса, тірі жүруіміз екіталай болмақ деп отыр.

“Отыз адамның міне, санаулы адамы жүріп жатыр. Қалғаны қазір жүре алмайды. Үйлерінде олар”, – дейді науқас Сәбит Мұңсызбай.

“Уақытылы дәрі келмейді. Уақытылы аппараттың запчастілері келмейді. Жаңағы біздің қанымызды тазалайтын не еді әлгі, фильтрлар келмей отыр ғой енді”, – дейді 1-топтағы мүгедек Айғанша Тәйтенова.

Халықаралық университет клиникасы бүйрек науқастарына үш жылдан астам уақыт қызмет көрсетуде. Гемодиализге тиісті құрылғыларды жеткізуші компания табан астында  хат жіберіп «бізде қиындықтар туындады, уақытынша басқа компаниядан сатып ала тұрсаңыздар» дегенді хабарлапты. Ал басқа компанияға сұранысы айт мерекесіндегі үш күндік демалысқа сәйкес келген. Нәтижесінде құрылғысыз қалып қойғанын растап, бар себеп осы деп ақталды.

“Гемодиализ орталығына қажетті біздің құрал-жабдықтардың, дәрі-дәрмектердің келе жатқанын хабардар етемін. Жаңа ғана байланысқа шықтық алып келе жатқан адаммен. Ол кісі кешкі бес пен алтының арасында алып кеп береміз деп хабар берді”, – дейді Халықаралық қазақ-түрік университеті клиникасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұралы Ералыұлы.

Мүгедек жандар кеше кешкісін де дәрі-дәрмектердің келмегенін айтты. Тек бүгін ғана көптен күткен гемодиализ аппараты науқастарды қайта қабылдай бастапты. Ал шағымданушылар  күні кеше жиырма жеті науқастың бірі – елу жеті жастағы Төребек Үсейінов деген азамат дүние салғанын хабарлады.

Тағы да оқыңыз:

Атырауда көршісін пышақтап өлтірген азамат ұсталды

“И-пызява” ертегісімен аты шыққан орыс тілі оқулығының авторлары қалай ақталды

Ірімшік қосып сабада пісетін құрттың қалай жасалатынын біле жүріңіз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар