Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі аяғынан айырылған атыраулық әйел: Мүгедектік менің өмірімді күрт өзгертті

Екі аяғынан айырылған Индира Назарбаев жаттығу залында инструктор болып қызмет етеді. Сондай-ақ, оның пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионы деген де атағы бар.

253358481e34252582

Бұл туралы “Ақжайық” басылымы хабарлайды.

Индира 20 жыл бұрын екіқабат кезінде күйеуінен айырылған. Содан бері оның өмірі күрт өзгеріп, талай қиындықты бастан кешірген.

“Қай жерде болсын сол жерде істеп ақша табу керек болды. Ұзақ жыл базарда істеп, балық саттым. Қыстың күні далада тұрамын деп, денсаулыққа да зиян келді. Аяқты кескеннен кейін бір жыл бойы үйде жаттым. Мұндай қиындықты жауыңа да тілемейсің. Біраз уақыттан соң бұлай жалғаса бермеуі тиіс деп алдыма мақсат қойдым”, – дейді Индира.

Индира тізерлеп жүруді үйренеді. Аяқ бұлшық еттерінің ауырғанына қарамастан, ол ерекше төзімнің арқасында жүре бастайды. Кейін ол протезге тапсырыс береді.

“Әне-міне құлап қаламын деп ойлайтынмын. Аяғымдағы тері үнемі жарылып кете беремін. Әр жүрген сайын протезде қанның ізі қалып қоятын еді. Бірақ мен тоқтамадым, өйткені басқа таңдау болған жоқ”, – дейді ол.

Ақыры әйел жаттығу залына барады. Бұған дейін ол бұл жерге бас сұғып көрмеген екен. Бапкер Ілияс Телеуғалиев оған пауэрлифтингпен айналысуға кеңес береді.

“Біз алғаш бастаған кезде Индира мүлде көтере алмайтын. Қазір 57 келіге дейін көтереді. Егер жақсылап тырысатын болса онда 60 келіні де еңсеруге болады”, – дейді Ілияс.

2014 жылы Индира спорт шеберлігіне үміткер атанып, Қазақстандағы паралимпиадалық чемпионатта екінші орын алады. Ал бір жылдан соң жеңіске жетіп, спорт шеберлігінің нормативін де орындаған.

“Бұрын менің өмірімде тек үй, жұмыс деген ұғым бар еді. Және ол өте ауыр жағдайда өтті. Қазір өмірге мүлде басқаша көзқараспен қараймын. Әрине, көптеген қиындықтармен күресуге тура келді, бірақ онсыз болмайды әрі оның бәрін жеңе білу керек. Тірімін, жүре аламын, көремін, естимін, әрі қарай даму керек. Егер біреуге көмегімді тигізе алсам тіпті керемет”, – деді Индира.

Оқи отырыңыз:

Желіде Қазақстаннан қашып кеткен Рысқалиевтің видеосы пайда болды

9 жасар оралман қыздың министрге жазған хаты қазақстандықтардың жүрегін ауыртты 

Атырау облысында әкімге жалпақтаған лауазымды полицей жұмыстан қуылуы мүмкін

«Астана-Көкшетау» тас жолында ер адамның ерлікпен ажал құшқаны белгілі болды

Талқылау