Екі аяғы жоқ 70 жастағы азамат Эверестті бағындырды

70 жастағы қытайлық альпинист Ся Боюй Эверестті оңтүстік аймағынан бағындырған екі аяғы жоқ алғашқы адам атанды. 1975 жылы ең биік тауға шыққан сәтсіз сапары кезінде азамат екі аяғынан айырылып қалған болатын.

Екі аяғы жоқ 70 жастағы азамат Эверестті бағындырды

Бұл туралы Непал азаматтық авиация, таризм және мәдениет министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады, деп жазады Stan.kz.

“Екі аяғынан айырылған қытайлық альпинист бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 8.40-та биіктікті бағындырды. Ол биіктікті оңтүстік аймақтан бағындырған, екі аяғы жоқ алғашқы адам атанды”, – деп хабарланды ведомстводан.

Екі аяғы жоқ 70 жастағы азамат Эверестті бағындырды
Жоғарғы сот екі аяғынан және көру қабілетінен айырылған адамдарға 6,5 мың метр биіктіктен асатын кез келген тауға көтерілуге рұқсат бергеннен кейін, қытайлық альпинист сапарға шыққан.

Ся Боюй әлемнің биік нүктесін бесінші рет бағындыруға тырысып жатқанын айтты.

Ся Боюй 1975 жылы аяғынан айырылғанымен, мұнымен тоқтап қалмаған. Ол 2014, 2015 және 2016 жылдары Эверестке шығуға тырысқан. Алайда тау көшкіні, жер сілкінісі және ауа-райының қолайсыздығынан діттегеніне жете алмаған.

Бұл уақытқа дейін биіктікті тибеттік беттен бағындырған екі аяғы жоқ жалғыз адам – жаңа зеландиялық Марк Инглис еді. Ол 2006 жылы биіктікті бағындырған.

Тағы оқыңыз: 

Тоғыз жасар блогер кедейлердің өміріне күлемін деп, анасын жұмысынан айырды (видео)

Жол апатынан есін жоғалтқан анасы қызының мерт болғанын білмейді

Ресейлік ғарышкер Астананың ғарыштан түсірілген суретін жариялады

Владимир Ким Англияның ең бай адамдар қатарына кірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар