Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі ай бұрын жоғалып кеткен павлодарлық жігіт өлі күйінде табылды

Павлодарлық тергеушілер ҚР ҚК 105 бабы бойынша жас жігіттің өліміне қатысты істі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

20160726111256

Екі айдан бері із-түссіз жоғалғандар қатарында болған 21 жастағы қала тұрғыны Б.Н. денесі бүгін түнде табылды. Тергеу мүддесіне орай, ІІД оқиғаның анық-қанығын жарияламай отыр.

Ғаламторда жарияланған ақпаратқа, марқұмның туыстары мен таныстарының сөзіне сүйенсек, жас жігіттің денесі жеке аумақта, тұншықтырылған күйі табылған.

Жас жігіт 5 маусым күні жоғалып кеткен. Соңғы рет оны дүкенде көрген. Полициядан бөлек Б.Н. іздеуге еріктілер мен туыстары атсалысқан.

Жіберіп алмаңыз:

Қапшағайда құм астынан нәрестенің өлі денесі табылды

Жоғалған оқушы қыз Астанада құрбыларымен қыдырып жүрген жерінен табылды

Алматы облысында тауда адасып кеткен 3 жасар баланың өлі денесі табылды

Талқылау